Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
Бейнеден кадр
Көкшетау қаласында сот жүргізуші куәлігінсіз көлік айдап, адам өліміне себеп болған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот шешімімен айыпталушыға екі жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда жаза өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді. Бұған жеңілдететін мән-жайлар себеп болған. Атап айтқанда, оның екі кәмелетке толмаған баласының болуы, бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындап, өкінуі және моральдық шығынды өтегені ескерілді.
Сот барысында жәбірленуші тараптың да пікірі назарға алынды. Олар айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Тергеу нұсқасы бойынша, әйел күйеуінің денсаулығы нашарлағандықтан, оның рұқсатымен көлік тізгініне отырған. Алайда оның жүргізуші куәлігі болмаған.
Сонымен қатар, сотталған әйелдің жұбайына қатысты да бөлек іс қозғалған. Ол – көлік иесі ретінде жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Еске салайық, қайғылы оқиға мамыр айында тұрғын үй ауласында болған. Әйел басқарған автокөлік 52 жастағы жаяу жүргіншіні басып өткен. Зардап шеккен адам алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды.
Көкшетауда жайбарақ кетіп бара жатқан әйелді басып-жаншып өткен жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ер адам жүргізуші куәлігі жоқ әйеліне көлік тізгінін берген.
Оқиға болған сәттің бейнесі әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың жағасын ұстатты. Кадрларда әйел тротуарға қарай келе жатқан кезде жол талғамайтын көлік оны қағып, басып өтіп, тек ол толық көлік астында жаншылғаннан кейін ғана тоқтағаны көрінеді.
Мұндай істерде сот шешімі әрдайым жеке жағдайларға байланысты қабылданады. Қазақстан заңнамасында кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты жазаны кейінге қалдыру тәжірибесі қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық