Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз» деп жазылған жеделхатта.
Естеріңізге сала кетейік, 21 маусым күні кешке Катардың солтүстігіндегі Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағында сұйытылған табиғи газ өндіретін әлемдегі ең ірі кешен нысандарының бірінде жарылыс болған болатын.
Алдын ала мәліметтер бойынша, елдің ішкі нарығын газбен қамтамасыз ететін Barzan объектісін қайта іске қосу операциялары кезіндегі техникалық ақау себеп болған. Катар билігі халық үшін қауіп-қатер мен қауіпті заттардың шығуы тіркелмегенін хабарлады.
Қолда бар ақпарат бойынша 13 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған.
Катар энергетика министрі Саад әл-Кааби дүйсенбі күні Ras Laffan LNG кешеніндегі төтенше жағдай «техникалық ақау» салдарынан болғанын айтып, «дұшпандық әрекет» нұсқасын жоққа шығарды. Ол сондай-ақ оқиға елден сұйытылған табиғи газ экспортына әсер етпейтінін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық