Клиника марқұм депутат Ербол Айтуовтың ісіне байланысты тың деректермен бөлісті
Фото: Orda.kz
Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін аты аталған клиника ресми мәлімдеме жасап, жарияланымдарда көрсетілген дәрігердің операцияға қатысы болмағанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Клиника өкілдерінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде тарап жатқан кейбір ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді.
«Жарияланымдарда айып тағылып отырған дәрігер аталған операцияны жүргізбеген» деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар клиника Ербол Айтуовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұған қоса, жекелеген жазбаларда айтылған «клиниканың лицензиясы жоқ» деген ақпарат та теріске шығарылды.
«Клиника 2015 жылғы 31 шілдеде берілген №00650DE лицензиясы негізінде жұмыс істейді. Оның ішінде анестезиология және реаниматология қызметтері де бар», деп мәлімдеді клиника.
Мекеме Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тексеруі аяқталғанға дейін БАҚ өкілдерін, паблик әкімшілерін және әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
Клиника өкілдері жалған ақпарат тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ қажет болған жағдайда барлық деректер мен мән-жайлар құжат арқылы расталатынын мәлімдеді.
Еске салар болсақ, Ақтауда пластикалық операциядан кейін депутат қайтыс болды. 49 жастағы Ербол Айтуов иек тұсына липосакция жасату үшін «Қасиет» клиникасына барған. 4 сәуір күні наркоз беру кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық