Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаянның жағдайы жайлы тың дерек шықты
Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz
Әскерде жүріп жансақтау бөліміне түскен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы жайлы денсаулық сақтау министірлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.
«Ербаян Мұхтардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Ербаянның ата-анасымен өзім кездестім. Жағдайы тұрақты. Күні кеше Ербаянды оңалту орталығына әкесімен бірге жатқыздық», — деді Ақмарал Әлназарова.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар басынан соққы алып, ауыр жарақаттың кесірінен төсекке таңылып, сал болып қалған еді. Orda.kz Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын. Олар ұлдарына қастық жасалғанын, ауруханада рұқсатсыз миының бір бөлігін алып тастағанын айтқан еді. Сонымен қатар емге қаражат жоқ екенін де мәлімдеді. Осы жағдайдан кейін Қазақстан халқы Ербаянның еміне жылу жиды. Көптің арқасында сарбаз Түркияға аттанып, ота жасатып қайтты.
Бұған дейін Orda.kz TikTok желісінде азаматтық киімдегі ер адамның Ұлттық гвардия әскери формасындағы адамға соққы жасап, оны қорлайтын сөздер айтып жатқан бейнежазбасы тарағаны жайлы жазған болатын.
Еске сала кетсек, өткен жылы 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды.
Ал 2024 жылы 9 қыркүйекте міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық