«Әскердегі әлімжеттік»: Желіде тараған бейнежазбаға қатысты тергеу ісі басталды
Фото: Бейнеден кадр
TikTok желісінде азаматтық киімдегі ер адамның Ұлттық гвардия әскери формасындағы адамға соққы жасап, оны қорлайтын сөздер айтып жатқан бейнежазбасы тарады. Бұл іске қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz редакциясы «Батыс» РГК баспасөз қызметіне осы бейнежазбаға қатысты түсініктеме алу үшін хабарласты.
«2024 жылғы 23 қыркүйекте Батыс РГК әскери полициясы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу туралы ҚР ҚК 440-бабының 1-бөлігі бойынша алдын ала тергеу бастады», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 8 қыркүйек Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтқан болатын. Марқұмның әкесінің айтуынша, ұлының өлімі кездейсоқ емес, офицер оның бетіне әдейі оқ атқан.
19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды.
Ал 9 қыркүйек Міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Orda.kz тілшісі әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Қазір Ербаян Мұхтардың ата-анасы баласын 23 қыркүйек, яғни дүйсенбіден бастап Астанадағы нейрохирургия орталығына жатқызуға келісті. Адвокаты Инга Иманбай «Министр уәде берген соң, ешкім қиянат жасамайды деп үміттенеміз. Дегенмен оның жағдайы қазір жақсы екенін ескертеміз» деп мәлімдеді.
Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы және әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық