«Әскерден емес»: Қорғаныс министрлігі соғыссыз-ақ қаза болған сарбаздар жайлы пікір білдірді
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қаза болуы және әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шейх-Хасан Жазықбаевтың айтуына қарағанда қайғылы оқиғалардың 90 пайызы әскери қызметке қатысты емес.
«Қоғамда екі қате түсінік бар. Бірі – бейбіт уақытта әскерилер қаза табады деген. Екіншісі – әскерде әлімжеттік бар деген жалған пікір», — деді Жазықбаев брифинг барысында.
Ол әскери қызметтің оқу-жаттығуларға, әскери техникаға және жаттығуларға байланысты қауіптерден тұратынын атап өтті.
Өкінішке қарай, қазір әскерден мүрдесі қайтқан сарбаздар жайлы жаңалықтар қаптап кетті. Жазықбаевтың пікірінше, олардың бәрі дерлік әскери қызмет cалдарынан емес.
«Өлімнің негізгі себептері — қауіпсіздік шараларының бұзылуы, жол апаты оқиғалары, өзіне қол жұмсау және аурулар. Бұл оқиғалардың 90 пайызы әскери қызметке қатысты емес», — деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, Жазықбаев соңғы үш жылда әскердегі қылмыс пен жарғыға қайшы заң бұзушылықтар саны 28 пайызға азайғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық