«Әскерден қайтқан мүрде»: Белсенділер мерзімді әскери қызметті алып тастауды талап етті
Фото: Orda.kz
Міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген, артынша мәйіті ғана қайтқанын айтып ашынған әке жайлы жазды. Сондай-ақ, тілшіміз әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Петиция авторлары бұл трагедиялар қазіргі әскери қызмет жүйесіндегі кемшілікті көрсетіп отырғанын айтады.
Петиция авторлары көрсеткен негізгі мәселелердің бірі – әскердегі әлімжеттік және бейресми қарым-қатынастар. Жас сарбаздар көбінесе қызметтегі аға буын тарапынан зорлық-зомбылыққа және қысымға ұшырайды, бұл психологиялық соққыға, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға әкелуі мүмкін.
Петицияда былай делінген:
«Қазақстан әскеріндегі қайғылы оқиғалардың басты себептерінің бірі – бейресми қарым-қатынастар, яғни «дедовщина». Психологиялық дайындықтан және бейімделуден толық өтпеген шақырылушылар аға сарбаздардың зорлық-зомбылығына және қысымына ұшырап жатады. Бұл ауыр психологиялық соққыға және суицидке әкеледі».
Петиция авторлары атап өткен тағы бір маңызды мәселе – шақырылушыларға медициналық қадағалаудың жоқтығы немесе салғырттығы.
«Көптеген жас жігіттер әскери қызметке байланысты психологиялық қысымға төтеп бере алмайды. Психологиялық қолдаудың жеткіліксіздігі және командирлердің түсініспеушілігі бұл мәселені ушықтыра түседі. Соның нәтижесінде, әскердегі суицид жағдайлары тіркеліп жатыр. Әсіресе әлімжеттік пен армияға бейімделу қиындықтарынан осындай жағдайлар көбейді», деп атап өтті петиция авторлары.
Сонымен қатар, көптеген сарбаздардың психологиялық қысымға ұшырайтыны айтылды.
Петицияда былай делінген:
«Қазақстанда әскерге шақырылушылар арасындағы өлім жағдайлары мерзімді қызметтің осалдығын, әсіресе бейресми қарым-қатынастардың, жеткіліксіз дайындықтың және тиімді медициналық бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Кәсіби әскерге көшу — қызмет қауіпсіздігін жақсартып қана қоймай, әскерилердің біліктілігін арттырып, қайғылы оқиғалардың санын азайтар еді».
Сонымен қатар, петиция авторлары жастардың әскерге баруға зауқы жоғын да атап өтті. Бұл жалпы әскери қызметке де теріс әсер етеді.
«Мерзімді әскери қызмет көптеген адамдар үшін жеке еркіндігін және мансаптық мүмкіндіктерін шектейтін міндет ретінде қабылданады. Бұл сарбаздардың мотивациясының төмендеуіне әкеледі. Ал бұл өз кезегінде олардың жауынгерлік қабілетіне кері әсер етеді және қайғылы оқиғалардың көбеюіне ықпал етуі мүмкін», делінген үндеуде.
Қорытындылай келе, петиция авторлары кәсіби армияға көшу қажеттілігін алға тартады, бұл олардың пікірінше, әскери қызметшілер үшін дайындық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Петиция epetition.kz сайтында жарияланды. Ол 4 қазанға дейін модерациядан өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық