Қаржылық пирамидалар 8 млрд теңгеден асқан қаражатты шетел асырған
Биыл қазақстандық қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден аса қаражат құйылған. Соған қарамастан ел ішінде оңай пайдаға кенелгісі келетіндер азаяр емес, деп хабарлайды Астана арнасы.
«Арыз жазайық десек ол компаниялар Қазақстанда тіркелмеген шетелдік компания болып шықты, бас кеңсесі Украинада екен. Олар ақшамызды қайтарып береміз деп уәде берген болды. Бірақ әлі күнге дейін бір тиын бермеді», - дейді Алматы қаласының тұрғыны Бақытжан Жүнісбеков.
Ол осыдан бірнеше жыл бұрын талай адамды қақсатқан қаржы пирамидасына 1000 еуро салыпты. Бүгінде алданғанын біліп, сан соғып отыр. Ендігі жерде шетелдік алаяқтар қаражатты қайтарады, олар жауапсыз қалмайды дегенге мүлде сенбейді.
Аталмыш компанияға біздің елден 1 миллиардтан астам қаржы аударылған.
Бұл - алаяқтық фактінің бір ғана көрінісі екен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны 40 мыңнан да асады.
Шетел асып, көзден ғайып болған қаражат бүгінде 8 млрд 300 миллион теңгеден асып отыр. Қаржыгерлер пирамиданың бірнеше айқын белгілеріне мән беріп, қаржы құюда абай болуға шақырады. Күмәнді мекемелерге қаражат аударудан аулақ болып, қаржылық сауттылыққа басымдық беру қажет.
«Қаржылық пирамида өкілдері аз уақытта көп ақша береміз деп сенімді түрде айтады. Ешқандай қауіп-қатер туралы сөз болмайды. Олардың ұсынатын пайыздық үстемақылары да тым жоғары. Өзіңнен кейін адам тіркелсе, одан көп ақша аласың деп уәде береді. Дәл осы белгілерге қарап, сақ болу керек», - дейді еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Дмитрий Акмаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық