Қараойдың маңында қорқынышты мекен бар...

cover

Covid-19 талай адамның жанын жалмады. Әлі де, коронавирус адамзатқа аждаһадай төніп тұр. Ал бір жыл бұрын осы дерттен кеткен адамдардың туыстарына тіпті қиын болды. Ақ кебіннің орнына, пакетке оралып қойылған жақындарын мәңгілік сапарға да шығарып сала алмаған олар қайғылы күндерді әлі де қорқынышпен еске алады.

Содан бері көп нәрсе өзгерді. Қазір коронавирус ошақтарын темір есіктермен бұғаттап, полицейлермен қоршап жатқан ешкім жоқ. О баста, оқшауланып, маңына адам жақындауға қорқатын Covid-19-дан қайтыс болғандардың арнайы мазарына Orda.kz тілшілері барып, оның қазіргі жағдаймен танысып қайтты.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Арнайы мазар Қараой ауылынан 13 шақырым жерде орналасқан. Алматыдан 50 шақырым ұзақта жатыр. Бұл жерге таксимен жетуге болады. Біз жалдаған такси жүргізушісі мазардың нақты қай жерде орналасқанын білмесе де, оны тауып  беруге келісті.

Біз Караой маңынан, әскери полигон қасынан, өзеннен, ен даладан жүріп өтіп, әрең дегенде соқпақты жолға түстік. Бұл жол бізді бетонмен қоршалған мазар қақпасына әкелді. Ешқандай, белгі қойылмаған жолдан мазар бағытын анықтауға ауыл адамдары көмектесті.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Мазардың төртбұрышы бетонды қабырғамен қоршалыпты. Бейіттің оң жақ қапталында мұсылмандар, сол жағында христиандар қойылған. Барлығы 68 қабір бар екен.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Проваслав дін өкілдері жерленген жақтағылардың ең жасы 60 жылдары туылған екен. Ал мұсылман бейітінде қайтыс болғандар тіпті жас. Кейбірі бір күнде қайтқан. Барлығы дерлік өткен жылдың маусым айында жерлеген.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Соңғы рет мұнда жерлеу жұмыстары шілде айында жүргізілгендігі айтылып жатты. Ал бейіт басындағы жазбаларда ең соңғы мерзім 23.08.2020 жыл деп таңбаланыпты. Бейіттер күтімсіз, кейбіреуінің топырағы ойылып кеткенін байқадық. Жүргізуші жігіт бұған себеп бұл жердің топырағының сусымалы болуында деп түсіндірді.  

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Қабірлердің арасы бір-біріне тым жақын қазылған.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Қоршау ішінде зембілдер мен әк салынған қаптар да жатыр. Қабырғада шелек ілулі тұр. Бейнебір құрылыс алаңы іспетті. Тек қабірлерді көргенде ащы шындыққа қайта ораласың.

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху
Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху
Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

Covid-19-дан қайтыс болғандарды не себепті дәл осы жерде қойған? Жерлеудің үйреншікті емес түрімен бірінші рет салттық діни-жөн-жоралғы қызметімен айналысатындар ұшырасты. Қалай қабылдады?

— Күн аптап ыстық еді. Барлығы арнайы киімде. Ал бізде көбінде жасы егде тартқан адамдар жұмыс істейді. Сол кезде жағдай өте қиын болды.  Тіпті қорыққаннан кейбіреулер жұмыстан шығып жатты. Кетпей, аяғына дейін істеуге келіскендерге психологиялық тұрғыда да, қаражат жағынан да қолдау көрсеттік. Үйлеріне барып, жақындарына қауіп төндерімес үшін арнайы үй жалдадық. Жүктемеміз шамадан тыс болды десем артық айтпаймын. Арнайы киімде, резіңке етіктің іші малмандай су болатын. Жұмыстың ауырлығынан жігіттеріміз 7 келі салмақ тастады, - деп еске алады Алматы діни жоралғылар комбинатының директоры Марат Исмаилов.   

2008 жылы Қараой маңынан 300 мың адамға арналған 127 гектар жер телімі бөлінді. Зілзала, су тасқыны сынды табиғи апаттар орын алған жағдайда адам шығыны болса, осы жерге қойылар деген болжаммен берілген. Covid-19-дың адамзатқа тигізген зардабы табиғи апаттан кем болмай, бұл жерге дерттің алғашқы құрбандары жерленді.   

— Қазір барлығын қарапайым мазарларда көміп жатыр. Ковидтен қайтыс болған мұсылмандарды ол кездегідей табытта емес, шариғат шарттарына сай, жуындырып, ақ кебінге орап, одан кейін арнайы дезинфекцяланған екі қабат матамен орап, содан кейін тағы бір қабат кебінмен жауып, жерлеп жатыр, - дейді Марат Исмаилов.

Вирустан қайтқандарды қазір қалай жерлейді?

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

— Біздің орталыққа хабарлама келеді. Қызметкеріміз мәйітханаға барып, туыстарымен сөйлесіп, олардан барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды орындайтындығы жөнінде қолхат алады. Бірде ер адам хабарласты. Көз жасына ерік берген ол, әйелін христиандық әдеппен, үйде бір түнетіп барып, қойғысы келетінін айтты. Ол кезде қайтыс болған адам табыттың ішінде беті ашық жатады. Ал жанында туыстары күзетеді. Көпшілік адам өлген соң, болды вирус таралмайды деп ойлайды. Алайда ковидпен қайтқан адамдарды үйге бермейміз. Бұл қауіпсіздік үшін қажет.

Бізде төтенше жағдайда бекітілген арнайы жоспар бар. Осыған байланысты арнайы табыттар да жасаттық. Ол табыттар хлор төгілген қабірге қойылатын. Ал табыттың іші мырышпен қапталып, шеті арнайы силиконмен жиектеледі. Яғни, табыттың қақпағы герметикалық жабындымен жабылады. Содан кейін табыттың үстіне қайтадан хлор себіліп, тек содан кейін топырақпен көміледі. Біраз уақыт бұрын ковидтен қайтыс болғандарды қарапайым мазарда жерлеу үшін туыстар өтірік анықтама жасап әлек болатын. Ал қазір жағдай өзгерді, - дейді Марат Исмаилов.

Статистикаға сенуге бола ма? Ресми деректер мен қабір саны сәйкес келе ме?

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху
— Бізде ресми статистика екеу. Ковидтен қайтыс болғандар статистикаға кіреді. Ал пневмониядан кеткендер кірмейді. Арнайы мазарға екеуінен қайтқандарды да жерледік. Сондықтан статисикамен сәйкес келмейді.

Қараой маңындағы арнайы мазарды кім қадағалайды?

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

— Біздің қызметкерлер ол жақтағы қабірлерді бақылап отырады. Негізінен ол жердегі тәртіпті полиция қадағалауы керек. Егер, оған «аса қауіпті инфекциядан қайтыс болғандардың арнайы орыны» деген мәртебе берілсе, қатаң қадағалауға алынады. Ал әзірге ол жерде күзет те жоқ.

Мазардағы тәртіп жүйесін реттеу үшін не істеу керек?

Почему ковид-кладбище превратилось в памятник страху

— Біз бұл жөнінде 10 жылдан астам уақыт айтып келеміз. Ең бірінші жерлеу туралы заң керек. Әрбір азаматтың міндеті мен талап-тілектерін нақты бір қатаң заңмен шектеу керек. Бұл заңның жобасы талқыланды. Еш нәтиже бермеген соң жерлеу мәселесіне мәслихат жауапты боп бекітіліп, енді жерлеуге қатысты ережелерді солар шығарады.

Кейбір аудандарда ковидтен қайтыс болған адамның денесін алу үшін туыстары 300-500 мың теңгенің көлемінде ақша төлегенін естідік. Мен бұл жөнінде жиенімнен естідім. Ол өзінің таныстарынан сондай көлемде ақша сұрағанын айтты. Нақты заңмен бекітілмеген соң, осындай жемқорлық әрекеттер оңай жүзеге асады, - дейді Марат Исмаилов.

Ал әзірге Қараой маңындағы арнайы мазармен не болатыны белгісіз. Ол одан әрі өсе түсе ме, болмаса ковидтің алғашқы құрбандарына арналған ескерткіш боп қала ма? Әлде бұл біздің қорқынышымыздың ескерткіші ме? Алғашқыда не істерін білмей, ковидтен қайтқандарды қаладан 50 шақырымға апарып көме салған билік шарасыздығының көрінісі ме бұл?

Авторы: Фариза НарбековаБагдат Асылбек

Аударған Сабина Зәкіржанқызы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар