Бали жағалауында кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
Индонезияда Бали аралының жағалауында жолаушыларды таситын кеме суға кетіп, 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеме теңізге шыққаннан кейін шамамен 25 минуттан соң суға батқан.
Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, паром бортында 65-тен астам адам болған. Олардың басым бөлігінің тағдыры әзірге беймәлім.
Оқиға өткен түні болған. Деректерге қарасақ, кемедегі 65 адамның 53-і жолаушы мен 12 адам экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ паром 22 автокөлікті, оның ішінде 14 жүк көлігін тасымалдап келе жатқан.
Төрт жолаушы өз күшімен әупірімдеп жүріп аман қалған. Оларды қайықтан тауып алған. Құтқарушылар тағы 20 адамды құтқарып үлгерді. Алайда олардың көбі бірнеше сағат бойы суда қалқып, қалжырап, ес-түссіз болған. Сонымен қатар екі адамның мәйіті табылды.
Қазіргі таңда 43 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр.
Еске сала кетсек, Orda.kz редакциясына Аралдағы мәселелерді көтеріп жүрген белсенділердің бірі Жомарт Қартбайұлы жүгініп, Аралдың экологиялық мәселелерімен қатар Арал тұрғындарының әлеуметтік қиындықтары жайлы айтты. Редакция тілшілері сол Аралға өз аяғымен барып, ауыл-ауылдарды аралап, бірнеше күн бойы халықтың жағдайын өз көзімен көріп, білді. Бір кезде Қазақстанда тұз өндіріп аты шыққан аймақтың қалайша жұмыссыздық, әділетсіздік пен экологиялық апат жайлаған мекенге айналғаны жайлы материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық