Қара алтынның бағасы, сарысынан кем емес
Фото: ашық дереккөзден
Күн суытып, қыстың ызғары түскені сол еді жұртшылық жаппай көмір алуға ниет білдірді. Бірақ көмір алу үшін қомақты қаржы төлеп қана қоймай, ұзын сонар кезекке тұру керек.
Көмір тапшылығына қатысты кезекті оқиға 5 қараша күні Петропавлда тіркелді. Якорь ауылының тұрғындары «көмір вагондардан түспей жатып, адамдар оны таласып алып жатқандарын» айтты. Салдарынан көмір бәріне бірдей жетпей жатыр. Кезек күткен адамдар тіпті далада қонып жатқан көрінеді.

Orda.kz редакциясының жергілікті тілшісі Якорь ауылының тұрғындарымен кездесіп, көмір тапшылығы туралы сұрады.
Сұрастыра келе тұрғындардың бірі қаражат тапшылығынан әзірге көмір түсірмегенін, енді бірі отын ретінде ағаш жағып отырғанын білдік. Оншақты адамның жетеуі көмір жақпайтындарын айтты.
– Біз көмір алмаймыз, ағаш жағамыз. Бірақ айлап көмір алуға кезекте тұрған адамдар да бар. Жыл сайын қайталанатын көрініс. Желтоқсанға дейін жағдай осылай, кейін көмірге оңай қол жеткізуге болады, - дейді Якорь ауылының тұрғыны.

Сондай-ақ, қалада көмір тасымалымен айналысатын, бірақ ауылда тұратын жергілікті тұрғын «қалада көмір тапшылығы жоқ, бәрі қаз қалпында жұмыс істеп жатыр» дейді. Ол ауылда неге мұндай аласапыран болып жатқанын түсінбеді.
Петропавлдықтар қанша шағымданса да үнсіз кезекке тұрып, көмірін күтуде, ал Алматы облысы Кербұлақ ауылында келіншек көмір алу үшін жүк тиегіштің шөмішіне мініп алған. Келіншектің видеосы желіде тарап қызу талқыға түскен болатын. Жазба астында:
– Бұл жерлерде газ жоқ, адамдар көмір жағады. Қазір көмір де жоқ, бар болса да өте қымбат: тоннасы 25 мың теңге, - деп жазылған.
Ал Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында ер адам бірнеше күн бойы көмір үшін кезекте тұрып, ақыры шыдамы жетпей, өзін-өзі өртемекші болған.
Orda.kz жергілікті тұрғындармен байланысқа шығып, аймақтағы жағдаймен танысып көрді.
– Орталық аудандарда көмірге тапшылық жоқ. Ұзын сонар кезекте көбіне шалғай ауылдардың от жағатын тұрғындары тұр. Көбі жазда көмір түсірмеген, салдарынан осындай толқулар болып жатқан сияқты, - деді Тарғын ауылының тұрғындардың бірі.
Айта кетсек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шығыс Қазақстанға қыркүйек-қазан айларында 440 мың тонна көмір келгенін хабарлаған.
Сондай-ақ, бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов та «жеткілікті көмір қоры бар, тапшылық болмайды» дегенді алға тартқан. Оның айтуынша, қыркүйекте халықтың 60 пайызы көмірмен қамтамасыз етілген.
Ендеше елдегі көмірге қатысты айқай неден шығып жатыр?

Ең бірінші ойға келгені – елдегі көмір экспорты.
5 қараша Украина Ресейді қазақстандық көмірді бұғаттады деп айыптады. Forbes ақпараты бойынша, бірінші жартыжылдықта Қазақстан Украинаға 491,7 мың тонна көмір жөнелткен.
Алайда, министрлік былтырғы жылмен салыстырғанда елдегі көмір экспорты қысқарғаны туралы мәлімет берді.
Министрліктің ұсынған мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шамамен 79,1 млн тонна көмір өндірілген. Былтырғыға қарағанда 1,1 млн-ға көбірек. Оның 22 млн тоннасы экспортталған.
2021 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету: коммуналдық сектор 105,3%; халқы 93,6% болды.
Көмір өндірісі артып, экспорт азайса, неге көмірдің бағасы шарықтап, оған деген тапшылық байқалып жатыр?
«Көмір барлық сауда нүктелерінде бар және вагондарда сатылады. Кейбір мәселелерді жер-жерде шешу үшін жергілікті билік логистика және халыққа көмір жеткізу мәселелерін реттеуі қажет» деп жауап берді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Orda.kz редакциясының ресми сауалына.
Еске салсақ, мемлекет көмірдің тек 10 пайызына жауапты, қалған 90 пайызы алыпсатарлар арқылы сатылады.
Ал көмір бағасының қымбаттауына келер болсақ, министрлікте «әу» баста, биыл көмір былтырғы жылға қарағанда қымбаттайтынын айтқан. Жыл басынан бері көмір бірден 5 пайызға қымбаттаған.

Ресми статистикаға сәйкес кәсіпорындар үшін көмір бағасы: Қарағанды облысында – тоннасы 7093 теңгеден, Павлодар облысында – тоннасы 3375 теңгеден, Қазақстанның қалған аймақтарында – тоннасы 5600 теңгеден.
Министрлік көмір тұтынушыға жетемін дегенше, оның бағасына бөлшек сауда (делдалдар) айтарлықтай әсер ететінін жоққа шығармады. Салдарынан «қара алтынның» бағасы 20 мыңға дейін барады. Қазақстан бойынша көмірдің тұтынушыға баратын орташа бағасы – 14 мың теңге.
Еске салсақ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы әкімдіктер мен жүк жөнелтушілерге көмірді алдын ала дайындауды сұрап, бірнеше рет жүгінген. Шенеуніктер айтарын айтты, бірақ «еститін құлақ» болмаған сияқты.
Айта кетсек, Қазақстан 2060 жылға қарай көмірден толық бас тартуды жоспарлап отыр. Алайда қазір сұраныс азаймаған.
Қаражыра көміріне деген сұраныс әлі де бар. Оның Қазақстандағы сатылымда тұрған орташа бағасы тоннасына 17 000 теңге. Шұбаркөл көмірінің тоннасы шамамен 14 000 теңге, Майкөбі көмірінің құны 10-12 мың теңге аралығында. Қара алтынның «Сұрттық жаңғақ» (орешек сортовый) деген түрі ең сапалы болып саналады. Бұл көмірдің тоннасы шамамен 16 000 теңге тұрады.
Қарапайым халықтың алдағы 40 жылды ойлауға уақыттары жоқ, олар барынша үйлерін жылытып әлек. Себебі бүгін Сарыөзек ауылында түнде ауа температурасы - 8, Якорь ауылында 0, ал Шығыс Қазақстанда -7 дейін төмендейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық