Ақын Серік Қалиев қайтыс болды

cover

Белгілі ақын, бірнеше жыл «Асыл арнада» қызмет еткен журналист Серік Қалиев дүниеден өтті.

Бұл туралы журналист Бекен Қайратұлы жазды.

«Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз» деп жазды Бекен Қайратұлы

Бейресми деректерге қарағанда, Серік Қалиев түнгі намаздан кейін үйіне қайтып келе жатқанда оны көлік қағып кеткен.

Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.

«Өлеңді мектепте оқып жүргенімде жаза бастағанмын,» - деген еді ақын.

Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар