Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Фото: Orda.kz
Саяси қуғын-сүргін мен аштықтан зардап шеккендерді еске алу акциясы таңертең Қарағайлы саябағындағы ескерткіш мемориалының жанында өтті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Ол үшін төңірек таспамен қоршалып, отыратын орындықтар қойылды.

Келген адамдардың көбі гүл ала келген, олар суретке түсті, өзара сөйлесті. Ресми салтанатты түрде ешкім баяндама жасап, сөз арнаған жоқ.

Бір адам Аарон Атабектің суреті салынған үш портрет көтеріп келіп, қазіргі Қазақстанда саяси еркіндіктің «өркендеп» кете қоймағанын білдіргісі келді.

«Ақ Жол» партиясының өкілдері келіп құрбандарға арнайы Құран бағыштады.

Айта кетерлігі, былтыр белсенділер көбірек қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен еліміздегі қазіргі саяси ахуалға қатысты өткір де ащы мәлімдеме жасаған болатын. Биыл ондай жағдай байқалмады.

Бұл жолы бәрі тыныш әрі бірсарынды өтті. Халық көп болған жоқ. Негізінен бір мезгілде 30 адамнан аспайтын топ жиналды.

Акцияға қатысқандар адамдардың аз келгеніне наразы болып, басқа азаматтық белсенділердің неге келмегеніне таң қалғандарын жасырмады. Олар қазіргі қоғам мен саяси белсенділіктің бәсең екенін жазғырды.

Келгендердің көбі халықтың көп жиналмағанына қарамастан басынан аяғына дейін қатысып, белсенділік танытты. Кейбіреулері келіп, гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп, бірден кетіп қалып жатты. Ешқандай ерекше пікір мен саяси ұрандар айтылған жоқ.
Жақында саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қарағанды қаласында қоғам белсенділері Бақытжан Жансейітов пен Болатбек Тоқмырза ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Алматыда 31 мамыр күні «Almaty Theatre» ғимаратында болуы керек саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт өтпей қалды.
Былтыр дәл осы күні президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты жазба жариялаған болатын.
Биыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Артынша ол АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешені экспозицияларын аралады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық