Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатын концерт өтпейтін болды
Коллаж: Orda.kz
31 мамыр күні «Almaty Theatre» ғимаратында болуы керек саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт өтпейтін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы композитор Еркеш Шәкеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Композитор концерттің болмау себебін былай түсіндірді.
«Қазіргі уақытта тек үш себепті атап өте аламын. Бірақ осының өзі-ақ жағдайдың астарын түсінуге жеткілікті деген ойдамын:
1. Бүгін «FreedomTicketon» сайты еш ескертусіз билет сатуды тоқтатты.
2. Өткен аптада (1 мамыр күні) «Almaty Theatre» қол қойылған келісімшарт пен алдын ала төленген жалға алу ақысына қарамастан, менің концертімді ауызша түрде тоқтатқан болатын. Ресми хатты күтіп отырмыз.
3. Сондай-ақ, бүгін, күтпеген жерден (Театр, концерт өткізуден бас тартқаннан бес күннен кейін) Алматы қаласы мәдениет басқармасынан, ұйымдастырушылар тарапына шағым айтылды. Яғни, бізден немесе театрдан (мұны нақты түсінбедім), іс-шара туралы тиісті хабарлама болмағаны жөнінде».
Еркеш Шәкеев ұйымдастырмақ болған концертте Алаш жинағының тұсаускесері өтуі керек болған. Бұл ашаршылық құбандары мен репрессия кезінде қудаланған қазақ зиялыларына арналған ауқымды шара болатын еді.
Айта кетейік, Алматы әкімі Тоқаевқа жоспарлы түрде есеп беріп отыруы тиіс екені жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық