Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қарсаңында қарағандылық екі белсенді қамалды
Коллаж: Orda.kz
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қарағанды қаласында қоғам белсенділері Бақытжан Жансейітов пен Болатбек Тоқмырза ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, оларға қоғамды бір әрекетке шақырды деген айып тағылған.
Бұл жайлы Қарағанды қаласындағы қоғам белсендісі Айтқожа Фазыл Facebook парақшасында мәлімдеді. Ол былай деп жазды:
«Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні алдында Қарағандылық белсенділер Бақытжан Жансейітов пен Болатбек Тоқмырза не үшін 15 тәулікке қамалды? Қуғын сүргін үрдісі — «Черный воронок» жаңаша жалғасуда ма? Олардың жазығы не? Кім ресми жауап береді?», — деді Айтқожа Фазыл.
Қазіргі таңда жергілікті билік пен құқық қорғау органдары бұл іске қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Қамауға алынған белсенділердің жақтастары олардың еске алу шарасына қатыспақ болғанын, ешқандай заң бұзбағанын айтады.
Еске сала кетсек, 31 мамыр күні «Almaty Theatre» ғимаратында болуы керек саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт өтпейтін болды. Еркеш Шәкеев ұйымдастырмақ болған концертте Алаш жинағының тұсаукесері өтуі керек болған. Бұл ашаршылық құбандары мен репрессия кезінде қудаланған қазақ зиялыларына арналған ауқымды шара болатын еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық