Алматыда Құранға тіл тигізген 23 жастағы келіншек кешірім сұрады

Алматыда Құранға тіл тигізген 23 жастағы келіншек өкінетінін айтып, кешірім сұрады.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде мас әйелдің Құранды балағаттап жатқан видеосы анықталды.
– Тексеру шаралары барысында кінәлі адам анықталды. Бұл бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 23 жастағы азаматша Т., сондай-ақ 25 жастағы азаматша Л. Олардың әрекеттері «Дінге сенушілердің сезімін қорлау» бабы бойынша есепке алынды. Шешім қабылдау үшін материал қалалық Дін істері басқармасына жіберіледі, - деді Алматы қаласы Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мәулен Қасымжан.
Ведомство құқық бұзушының өкінетінін және Қазақстан халқынан кешірім сұрағанын атап өтті.
– Шағын дастархан жайылып, ішімдік іштік. Мен мас болып еріксіз әрекет жасадым: қасиетті Құран кітабын қолыма алып, парақшама видео түсірдім. Мен өз кінәмді білемін. Мен бүкіл жамағаттан, мұсылмандардан кешірім сұрағым келеді. Мен дінді қатты құрметтеймін. Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Мен шын жүректен кешірім сұраймын, - деді азаматша Т.
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты