Алматы метросы Алтын-Ордаға дейін ұзартылады

Алматыда метро желісі «Алтын-Орда» базарына дейін ұзартылады. Бұл туралы «Алматы қаласын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді.
«Метро бойынша өте жақсы жоба жасалып жатыр. Метро желісінің жаңа желісі «Алтын-Орда» базарына жетеді – бұл біздің батыс қақпамыз. Ол жерде метро мен автобус желілері қосылатын көлік торабы болады. Яғни, бұл өте маңызды түйін» деді Құсайынов.
Оның айтуынша, Алматы метросын салу жобасы өзгертіліп, бекітілген.
«Енді метро желісі Қалқаман жақтан өтпейді, ол батысқа – жаңа Наурызбай ауданы арқылы Алатау көшесіне қарай түседі. Қосымша екі станса салынады, ал соңғы станция «Алтын-Орда» базарында болады» деп түсіндірді Серік Құсайынов.
Осылайша, қала әкімінің орынбасары Наурызбай ауданын – қаланың батыс бөлігін орталықпен байланыстыру жоспарлануда екенін алға тартты.
«Ал Наурызбай өңірінде тұратын 150 мыңға жуық адамды тасымалдауға тиімдірек болады» деген сенім білдірді Серік.
Бұған дейін ол Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны көтерілуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Омбы арасында жолаушылар тасымалдануы мүмкін
- «Иттерім қымбат»: Баланы төбеттерден қорғаған адамнан иттердің иесі өтемақы талап етті
- Кенені өртемек болған Түркия тұрғыны 12 гектар орманды жойып жіберді
- Ресей мен Әзірбайжан айқасы: Екі елде қарсы тарап азаматтары ұсталды
- AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы пайда болды
- Еститін үкіметке: Аралтұздағы жұмыссыздық және қарапайым жұмысшының көрген теперіші
- Несиеге батып, бүйрек сатқан қазақ жанұясы: Адам ағзасын саудалаған қылмыстық топқа ерлі-зайыптылар қалай кірді?
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты