Әлеуметтік желіде шу болған Баянның сәлем салуға қатысты видеосы қайдан тарады?

Бірнеше күн бұрын Orda News YouTube арнасына Гүлнәр Бажкенованың подкасты шықты. Ол подкастқа белгілі продюсер Баян Алагөзова, феминист Гүлзада Сержан, актриса және блогер Дарья Александрова, сондай-ақ саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғам белсенділері көптеген маңызды тақырыптарды талқылады. Бірақ Баян Мақсатқызының айтқан сөздері Қазнетті шулатты. Алайда көптеген ақпарат агенттіктері дереккөзге сілтеме жасамады. Мысалы, Алмат Азади ақпараттың бір нұсқасын сілтемесіз ұсынған.


Сонымен қатар кейбір журналистер ақпаратты бұрмалады. Олардың көбі Баянды «сәлем салу – жабайылық» деді деп жазды. Бірақ Баян Мақсатқызының сөзіне терең үңілсек, ол сәлем салуды жабайылық деп атаған жоқ.
«Алматыға барғанымда Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болып көрінді. Не үшін иілесің?» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді», – деді ол подкаста.
Яғни, продюсер бұл рәсімді жабайы деп атамаған, тек өзіне жабайы болып көрінгенін айтқан. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Себебі Баян туып-өскен Қазақстанның батыс аймағында мұндай дәстүрлерді көрмеген және оған бұлай үйретпеген.
Orda.kz тілшісі Баяннан қоғамда дүрбелең тудырған осы мәселе бойынша пікірін сұрап білді.
«Мен бұл жерде түбегейлі қылмыс дейтіндей артық сөздерді көріп тұрған жоқпын. Мен жай ғана сәлем салудың менің туған жерімде жоқ екенін айттым. Бұл сөздерде жаман ештеңе жоқ. Қазақстан сәлем салатын және сәлем салмайтын өңірлер мен облыстарға бөлінеді. Мен сәлем салмайтын аймақта дүниеге келдім. Маған көбі ренжіді. Кеңес Одағының барлық батырлары Орал мен Ақтөбеден шықты деп айттым. Бұл – шындық. Мен оны растаймын. Кеңес Одағының барлық 9, тіпті 11 батыр қыз-келіншегі Батыс Қазақстаннан шыққан», – деді Баян Мақсатқызы.
Баянның бұл сөзін құптамаған экономист-сарапшы Сәбит Рысбаев әлеуметтік желідегі парақшасында былай жазды:
«Баян апам бірдеңе айтпас бұрын сәл зерттеп алса екен деймін. Әлия Ақтөбеде туғанымен, анасы картоп ұрладың деп сотталған соң, олар Қызылордаға көшкен. Кейін Алматыға көшіп келіп, 8 жасынан бастап сонда тұрған. Мәскеуге де Алматыдан оқуға кеткен. Мәншүктің руы – Шеркеш, бірақ өзі Қырғызстанда туған. Алматыда оқыған. «Оңтүстіктен батыр қыздар шықпаған» деген не сөз? Ақтөбе – Ресей шекарасына жақын, ал Түркістан қайда? Ол жақта сол кезде-ақ түрлі училищелер болған, қыздар сол жерде білім алып, кейін әскерге кеткен» деп жазды Сәбит Рысбаев.
Ал қоғам белсенділері Баянның сәлем салуға қатысты пікіріне байланысты екіге бөлінді. Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбай сәлем салудың кей өңірлерде жойылып кетуінің салдарынан Баяндікіндей пікір қалыптасқанын айтады.
«Сәлем салу дәстүрі кейбір аймақтарда жоқ. Әсіресе, солтүстік және еліміздің батыс аймақтарында. Бірақ бұл ол аймақтарда ешқашан сәлем салу болмаған деген сөз емес. Оған ішкі факторлар әсер еткен болуы мүмкін. Сәлем салу – әркімнің өз таңдауы дегеніңіз де дұрыс. Бірақ кейбір ойларыңызбен келіспеймін. «Сәлем салу» – түп-тамыры тереңде жатқан, қазақ халқына ғана емес, Азия елдеріне танымал дәстүр. Бірақ бұл сіз айтқандай пұтқа табынушылық емес, жай ғана сәлем салу. Жапония мен Оңтүстік Кореядағыдай. Әлде оларды да жабайы дәстүрді ұстанушылар деп санайсыз ба? Біздің әдет-ғұрыпта ерлерге ғана сәлем салмайды», – дейді Мұхтар Түменбай.
Журналист бұл жерде Баянның манипуляция жасап отырғанын айтты. Келіндер сәлем салса, мәртебесі түсіп қалмайтынын, керісінше әулеттің үлкендеріне құрметін осылай көрсететінін алға тартты.


Журналист, блогер Ербол Мәндібек продюсердің пікірін қолдады. Ол Баянның бай келіншек екенін айтып, сәлем салатындардың несиеден бастарын көтере алмай жүргенін жеткізді.
«Бертінде жеке ұшақ сатып алды. Мойнындағы алқасында екі пәтердің құны бар. Мықты іскер әйел. Ал сәлем салып жүрген келіндердің мойнында несие. Кейбірінің күйеуі қадірін білмейді. Сәлемін салып, баласын бағып, ата-енесіне қарап, қонақ күтіп, осы әулеттің көңілін тапсам екен деп жүрген келіндердің қолына Баяндікіндей байлық беріп сынап көру керек. Сәлем салу – өте әдепті, әдемі салт. Құрметтің бұлжымас үлгісі. Бірақ біздің қоғамда екі түрлі картина бар. Біріншісі – Баянның образындағы контингент: «Жеке шекарам, менің құқығым, мейлі шал, мейлі кемпір бол, бәріміз бірдейміз». Екіншісі – қазақы тәрбие көрген қыздар. Олардың психологиясы «ұят болады», «ел не дейді» деген ұғымға негізделген», – дейді журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Баян Мақсатқызының пікіріне әйелдер қауымы да үнсіз қалған жоқ. Блогер Айгүл Омарова Баянды көпшілік түсінбей қалғанын айтты.
«Желіде Баян Алагөзова талқыланатын посттар өте көп. Мені ең қатты таңқалдырғаны – қазақтардың салт-дәстүрлерін білмегендіктен продюсерге қандай немқұрайлықпен, «кешіріммен» нұсқау бергені. Жеке өзім үшін мұндай жазбалардың авторлары халықтық дәстүрлерді сақтамайды. Әйтпесе, бұл жазбалардың үнін басқаша жеткізуге болмас па еді? Сонымен қатар, авторлар көбінесе ер адамдар. Ал қазақтардың әйелге деген құрметі әрқашан бірінші орында болған, үлкендерді құрметтеу де солай болған», – деп жазды ол.
Қанша адам болса, сонша пікір бар. Бір таңғаларлығы, қазіргі заманда басқа біреудің материалын пайдаланған кезде дереккөзге сілтеме жасау ешкімнің ойына кіріп шықпаған.
Жаңалықтар
- Алматы тау шаңғысы кластері жылына 7,5 млн турист қабылдай алады
- Ерейментауда жас футболшылар апатқа ұшырады: басшылық турнир туралы білмеген
- Полицейлер Алматы жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады
- Тоқаев Ресей энергетика министрін қабылдады
- Ақмола облысында балалар футбол командасы бар автобус төңкеріліп, жаттықтырушы қаза тапты
- Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды
- Қазақстанда қауіпті жазбадан қорғайтын балалардың SIM карталары сынақтан өтіп жатыр
- Жаңаөзендегі лицей түлегін ұрып-соғуға қатысты түсініктеме берілді
- АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар өз еркімен кетуі тиіс
- «9 айыпты»: Шерзат ісіндегі куәгерлер бар сұмдықты жайып салды
- «Қазір қаруымды шығарып, атамын»: Шерзат көз жұмған түн туралы куәгер қыз баяндады
- Қазақстандық «Болашақ» стипендиаттары Флоридадағы атыс кезінде зардап шекпеді
- Елорда да 25 кәсіпорынға заңсыз шектеу қойылғаны белгілі болды
- Отарда сарбазды ұрып, жансақтау бөліміне түсірген сержант 3 жылға сотталды
- «Байбектің жұбайымен таныс»: Экс-судья Светлана Жолманованың алаяқтығы ашылды
- «Хуторлықтар» біздің көршімізді пышақтап, атып өлтірген – Қаржаубай Нұрымов
- Семейде мектеп мұғалімі оқушыны зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Ақтөбеде аурухана қызметшілеріне тас төсеткізіп қойды
- Бөлшектеп, кішкентай табытқа тыққан: Қазақстанда «сұраусыз» мәйіттерді қалай жерлейді?
- «Daricorn жанжалдың ортасында қалды»: блогерге жауап берген бала буллингке ұшырады