Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі сайтынан
Ақтауда тапсырыс болмауына байланысты шыныпластик құбыр шығаратын зауыт жұмысшыларды жаппай қысқартатынын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Зауытты 2003 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде ашқан болатын.
Кәсіпорын ұжымымен кездесу 2026 жылғы 10 ақпанда қызметкерлердің бастамасымен өтті. Кездесу барысында зауыт басшылығы компанияның аса ауыр экономикалық жағдайда екенін жеткізді.
«Сегіз ай бойы кәсіпорында өндірістік тапсырыс жоқ. Тоқтап тұру кезеңі елеулі қаржылық шығындармен қатар жүріп, банкроттық қаупін тудырып отыр», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кәсіпорын жоспарланып отырған кадрлық қысқарту мәжбүрлі шара екенін мәлімдеді.
«Жоспарланған қысқартулар мәжбүрлі түрде болып жатыр. Қызметкерлердің еңбек заңнамасында көзделген барлық құқықтары, кепілдіктері мен өтемақылары толық сақталады», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қысқартуға іріктеу тізімін қалыптастыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптары, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтардың жұмыс орнын сақтап қалуға басымдық берілетіні ескерілмек.
Сондай-ақ баспасөз қызметі ықтимал қысқартулар мәселесі бұған дейін кәсіподақпен талқыланғанын еске салды. Тиісті келіссөздер 2026 жылғы 27 қаңтарда өтіпті.
«Кәсіподақ өкілдерімен жүргізілген кеңес қорытындысы бойынша қысқартуға ілінетін қызметкерлерге лауазымдық айлықтың 50 пайызы көлемінде қосымша материалдық көмек көрсетіледі», деп жазылған хабарламада.
Маңғыстаумұнайгаз зауытқа 2006 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы ақпанға дейін иелік еткен. Одан кейін құрылтайшылары бірнеше рет ауысты. 2022 жылғы желтоқсаннан бері «Шыныпластик құбырлар зауыты» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы «Маңғыстаумұнайгаз» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Рашит Сәрсеновтің ұлы Абай Сәрсенов.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, соңғы 3–4 жыл бойы зауыттағы жұмыс кестесі тұрақсыз, жалақы төмен болған. Қызметкерлер 7 айға жалақысының 50 пайызы сақталатын демалысқа жіберілген, ал жуырда шамамен 80 адамға қысқарту туралы хабарлама табысталған.
«Отбасымызды қалай асыраймыз? Біз «Маңғыстаумұнайгаз» құрамына қайта оралып, тұрақты жұмыс болғанын қалаймыз», – деді облыс әкімдігіне келген жұмысшылар.
Директордың айтуынша, кәсіпорын банкрот болудың алдында тұр және барлық қызметкерлерге жалақы төлеуге қауқарсыз.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
Жаңалықтар
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты