Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
Сот процесі көрсетілімінен скриншот
Елордада шамамен бір миллион доллар көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Жәбірленуші ретінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева (Нұрлыбекова) танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыптау нұсқасына сәйкес, оның туысы Бекзат Кемелова оны алдап, ірі көлемдегі қаражатын алып алған.
Қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Кемелованы ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, оған алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Сот сонымен қатар сотталғаннан келтірілген шығынды өтеу есебіне 500 млн теңге өндіру туралы шешім қабылдады. Кемелованың кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан жазаны өтеу бір жылға кейінге шегерілді.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, куәлардың бірі жалған айғақ берген. Осыған байланысты оған қылмыстық жауапкершілік қаупі төніп тұр.
«Сот аудан прокурорының назарына куә Қарлығаш Әбдіқұлованың жалған айғақ бергені туралы жеке қаулы шығарды. Ол Кемелованың күйеуінің жиені. Егер жеке қаулы заңды күшіне енсе, жалған айғақ беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Тергеу барысында оның шынымен жалған куәлік бергені дәлелденсе, іс сотқа жолданып, тиісті үкім шығады», — деді Ғазымжанов.
Бұның алдындағы сотта Бекзат Кемелова алаяқтық жасағанын мойындамады және азаматтық талаппен келіспейтінін айтқаан болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Бишімбаевтың әкесі Нүкеновтердің 2,5 миллион доллар бопсалағанын айтты
- Көк шабадандағы миллион доллар: Бишімбаевтың анасы мен қарындасы сотта куәлік етті
- Бишімбаеваның анасы туысын 1 млн долларға жуық қаражат ұрлады деп айыптады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық