Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мемлекет басшысының қабылдауында болған кезінде 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты.
«Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар. Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеге жуықтады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 миллиард теңгеден, ал сауда саласында 2 460 миллиард теңгеден асты» ,— деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір басшысының айтуынша, 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылған.
«Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отырғаны жөнінде мәлімдеді. Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді. Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр» ,— деді әкім.
Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Мемлекет басшысы аймақ басшысына экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Оқи отырыңыз:
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Президент және Халық Кеңесі туралы заң жобасы сәуірдің соңына дейін Тоқаевтың қарауына ұсынылады
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық