Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Беларусь президенті Александр Лукашенко жұрт алдында сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Трамп «саясаттың сайқал жүзін толық ашып көрсетті» және АҚШ-тың да шын келбетін айқындады.
«Қандай демократия? Қандай адам құқықтары? Мұнай! Сол үшін адамдарды қырып жатыр, зымырандармен атқылайды, бәріне барады. Өз елінде қалыпты немесе тіпті жақсы өмір сүрудің орнына миллиардтар табуы үшін америкалықтар да қаза табады», — деді Лукошенко.
Ол сондай-ақ Беларусь өз саясатын өзгеше бағытта жүргізетінін және реформаларды халықтың шешімімен жүзеге асыруға дайын екенін қосты.
Еске салсақ, Франция президенті Эммануэль Макрон жұбайының шапалағынан кейін әлі есін жия алмай жүр деп әзілдеген АҚШ басшысы Дональд Трамптың екі ауыз әзілі Францияда үлкен наразылық туғызған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Лукашенко Трамптың арнайы өкілі келгеннен кейін 14 саяси тұтқынды босатты
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық