Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
Фото: Pixabay
Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақ болып, тиісті лотты мемлекеттік сатып алу порталында жариялаған.
«Тапсырыс беруші – «Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі, атауы – спорт клубтары қызметі, қосымша сипаттамасы – 2026–2028 жылдары Атырау облысының құрама футбол командасы қызметін ұйымдастыру, бірлік бағасы – 3 750 000 000», деп жазылған лот сипаттамасында.
Байқауға қатысуға өтінім қабылдау 1–3 сәуір аралығында жүргізіледі. Айта кетерлігі, қаңтар айында «Атырау» футбол клубын шенеуніктер саудаға шығарған болатын.
Еске салсақ, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби спорт командаларын толық мемлекеттік қаражат есебінен ұстаудың мәні жоқ екенін айтқан болатын.
Оның пікірінше, басымдықты бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға беру керек, сондай-ақ әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажет. Ал 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жаңа Жолдауында Тоқаев футболды коммерцияландыруды жалғастыру керектігін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Атырау облысында футбол матчы адам өлімімен аяқталды
- Қазақстан Премьер-лигасы ресми түрде 16 командаға дейін кеңейтілді
- Қазақстан мемлекеттік активтерді сатады: тізімде БАҚ, футбол клубтары, «Сарыағаш» та бар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық