Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Фото: gov.kz
Өскеменде күдікке ілінгенге дейін ШҚО әкімінің орынбасары әрі Өскемен қаласының әкімі болып қызмет атқарған Жақсылық Омар сотта өз кінәсін толық мойындады. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот оны «алаяқтық» және «пара алу» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ол 6 жыл түрме жазасына кесілді.
Бұған дейін прокурорлар оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Адвокаттар оны түрмеге жаппай, айыппұл салумен шектелуді сұраған еді. Оған қоса, туыстарының шотында айыппұл төлеуге жететін 100 млн теңгеден астам қаражат бар екенін мәлімдеген.
Жақсылық Омарға 6 жыл бас бостандығынан айыру, Toyota Camry 75 автокөлігін тәркілеу және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды. Соттағы соңғы сөзінде Жақсылық Омар өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
«Мен алғашқы күннен бастап шын жүректен өкіндім, кінәмді толық мойындаймын. Болған жағдайға қатты өкінемін. Тергеу изоляторында болған уақытта бәрін саралап, өз қателігімді түсіндім. Мен үшін ең бастысы – отбасым, жеті баламды тәрбиелеу. Олардың бесеуі кәмелетке толмаған, екеуі - студент»,— деді Жақсылық Омар.
Сондай-ақ, экс-әкім келтірілген шығын толық өтелгенін, айыппұл төлеуге мүмкіндігі барын айтып, сол үшін соттан түрме жазасынан басқа жаза тағайындауды өтінген еді.
Сот отырысының жабық өтуі БАҚ-тың назарына ілікті. Журналистерге Омар мен оның адвокаттарын бейнежазбаға түсіруге тыйым салынды. Ал алғашқы сот отырыстары кішкентай залда өткен. БАҚ өкілдері оны істі жариялауды шектеуге бағытталған әрекет деп бағалады.
Еске салсақ, биылғы 18 ақпанда ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растады. Сол кезден бері Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүрді.
2018–2024 жылдары Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық