240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеп.
Оқу-ағарту министрі президентке 2025 жылдың қорытындысы мен биылға арналған міндеттер туралы баяндады.
«Жаңа Конституция құндылықтарын ілгерілету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарттары әзірленді. Сондай-ақ мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілуде» ,— деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сонымен қатар министр бастауыш білім берудің мазмұнына жүйелі талдау жасалғанын баяндады. Мектеп бағдарламалары оқу, жазу және есептеу дағдыларына басымдық бере отырып, қайта қаралуда.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 білім ошағының құрылысы аяқталды. Саланы цифрландыру бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Бүгінде мектептердің 99 пайызы интернетке қосылды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы 6760 мектепке енгізілген. Дипломдар, аттестаттар мен анықтамалар цифрлық форматқа көшірілді. «Ұстаз» платформасы педагогтерді аттестаттау үдерісін толығымен автоматтандыруға жол ашады»,— деді сала басшысы.
Министрдің айтуынша, 240 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні қолдану бойынша қайта даярлаудан өткен, тағы 200 мың педагог ChatGPT Edu жобасына сай ЖИ-ассистентті пайдалану машығын меңгеруде.
Сала басшысы инфрақұрылымды дамыту мақсатында 184 білім беру нысаны іске қосылғанын жеткізді. Үш ауысымды 80 және апатты жағдайдағы 31 мектептің мәселесі шешімін тапқан.
«209 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1192 пәндік кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталды. Балабақшаға кезек 2 есеге жуық қысқарды» ,— деді Сүлейменова.
Президент оқу-ағарту министріне білім сапасын арттыру және оны қолжетімді ету, мектептердегі орын тапшылығын азайту, жұмысшы мамандарды даярлау жүйесін дамыту, бюджет қаржысын тиімді жұмсау, саланы цифрлық тұрғыдан трансформациялау, соның ішінде Qazaq Digital Mektebi жобасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы алдағы үш жылда «Келешек мектептері» жобасының озық тәжірибесін білім беру ұйымдарына енгізу маңызды деп санайды.
Оқи отырыңыз:
- Президент және Халық Кеңесі туралы заң жобасы сәуірдің соңына дейін Тоқаевтың қарауына ұсынылады
- Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Тоқаевтың Таяу Шығыстағы күрделі жағдайда көрсеткен нық әрі дәйекті қолдауына алғыс білдірді
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық