АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
Фото: АҚШ Әділет министрлігі
3 сәуірде Трамп бас прокурор Пэм Бондиді қызметінен босатты, бірақ Конгресте ол бәрібір 14 сәуірде Эпштейн ісі бойынша куәлік беруі тиіс екені айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның атына шақырту қағазы рәсімделген, сондықтан қызметтегі мәртебесінің маңызы болмай қалған.
Бейресми дереккөздердің айтуынша, Трамп оның әрекеттеріне наразы болған, ең алдымен Эпштейн ісіне қатысты материалдарды жариялау барысына байланысты.
Атап айтқанда, оның «Эпштейннің клиенттер тізімі» туралы бір-біріне қайшы мәлімдемелері (бірде ол тізім оның үстелінде болғанын айтса, енді бірде мүлде болмағанын айтқан), сондай-ақ құрбандардың есімдерін жариялап, ықпалды «клиенттердің» аттарын жасырғаны да Трампқа ұнамаған.
Республикалық Нэнси Мейс мұның бәрі Трамптың позициясын «айтарлықтай әлсіретті» деп мәлімдеді. Ал республикалық конгрессмен Томас Мэсси Бондидің қызметтен босатылуын қолдай отырып, келесі бас прокурор Эпштейн ісіне қатысты барлық материалдарды жариялап, тергеуді ақыры бастауы тиіс екенін айтты.
Алайда кейбір дереккөздерінің сөзінше, Трамп үшін шешуші себеп басқа болған, оған Бонди оның сыншыларын, өзі қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келетін адамдарды, жеткілікті жылдам жазаламағаны ұнамаған.
«Пэм Бонди — ұлы америкалық патриот және адал дос, ол соңғы бір жыл ішінде бас прокурор ретінде маған адал қызмет етті. Біз Пэмді жақсы көреміз, және ол жеке секторда маңызды жұмысқа ауысады» деп жазды кеше Трамп Truth Social желісінде.
Енді уақытша әділет министрлігін бас прокурордың орынбасары Тодд Бланш басқарады, оған Трамп сенім білдірген.
2023 жылдың қысында Бланш Нью-Йоркте порножұлдыз Сторми Дэниелске «үндемеу үшін төлемдерді жасыру» ісі бойынша сотта Трампты қорғаған, кейін Флоридада Мар-а-Лаго резиденциясында құпия құжаттарды сақтау ісінде де оның адвокаты болған (сол кезде Трамп екі заңгерін шеттетіп, олардың орнына Бланшты тағайындаған).
The Atlantic басылымының мәліметінше, Трамп әкімшілігіндегі даулы отставкалар мұнымен аяқталмайды. Болжам бойынша, ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм, бас прокурор Пэм Бонди және АҚШ Құрлық әскерлері штабының бастығы Рэнди Джордждан кейін Украина бойынша келіссөз жүргізушілердің бірі, армия министрі Дэн Дрисколл және ФБР директоры Кэш Пател де қызметінен кету қаупіне ұшырап отыр.
Ұлыбритания үкіметі америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысына қатысты тергеу аясында Эндрю Маунтбеттен-Виндзорды таққа мұрагерлік тізімінен айыруы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
2022 жылы қайтыс болған патшайым Елизавета II-нің 66 жастағы ұлы қазіргі уақытта ханзада Гарридің қызы, ханшайым Лилибеттен кейін таққа мұрагерлік кезегінде сегізінші орында тұр. Бұған дейін жыныстық қылмыстар үшін сотталған Эпштейнмен байланысы тексерілуіне байланысты ол 19 ақпанда ұсталып, шамамен 12 сағаттық жауап алудан кейін полиция бөлімінен босатылған.
Сондай-ақ, биылғы ақпан айында ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжановтың Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа «Эпштейн файлдарында» айтылған Қазақстан азаматтары туралы депутаттық сауал жолдады. Асхат Рахымжановтың сауалында аталмыш файлда Кәрім Мәсімов 8 рет аталғаны айтылады.
«Құжаттарда бұрынғы премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің аты-жөні кемінде сегіз рет аталады. Мәсімов қазір мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға әрекеттенгені үшін жазасын өтеп жатыр. Материалдардан Джеффри Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны көрінеді», - деді Асхат Рахымжанов.
Сондай-ақ фракция жетекшісінің мәліметінше, файлда Эпштейн мен Қайрат Қилымбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны айтылады. Қайрат Қилымбетов бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болып, Ұлттық банкті басқарған.
Депутаттар мына бағыттар бойынша тексеру жүргізіп, нәтижесін парламентшілер мен қоғамға хабарлауды сұрады.
Биылғы ақпан айының аяғында Қазақстанның бас прокуратурасы «Эпштейн файлдарына» қатысты тексеріс бастағанын мәлімдеді. 25 ақпанда мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы ақпаратты тексеруді сұрады.
Дәл осыдан кейін Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсон Джеффри Эпштейнмен байланысып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Қылмыстық тергеу Мандельсонның құпия құжаттарды жіберуіне байланысты басталған. АҚШ әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың соңғы бөлігін жариялағаннан кейін Мандельсонның 2009 жылы бизнес істері жөніндегі министр қызметінде жүргенде Эпштейнге үкіметтің ішкі құжатын жолдағаны анықталды.
Сонымен ұатар былтыр қараша айында жасөспірім қыздарды азғындыққа салғаны үшін айыпталған американдық миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты құжатта Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің аты аталғаны мәлім болды.
Еске сала кетейік, Джеффри Эпштейн жыныстық зорлық-зомбылық және кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды азғындық жолмен пайдаланды деп айыпталған. 2019 жылы 10 тамызда АҚШ-тағы Манхэттендегі Metropolitan Correctional Center түрмесінде оның мәйіті табылған.
Оқи отырыңыз:
- Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
- Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
- Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эпштейн ісіне байланысты ұсталды
Жаңалықтар
- Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалды
- Үкімет Алатау қаласы үстінен ұшып жүрген ұшқышсыз аппарат жайын түсіндірді
- Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
- Трамп сапарынан кейін ЕО Қытайға экономикалық тәуелділіктен қаша бастады
- «Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды
- Қыз үндемесе — келіскені: Талибан балалар некесіне жол ашты
- СҚО-да әкім өз-өзіне қол жұмсады
- Алматы облысындағы саяжайда ірі көлемде есірткі дайындағандар сотталды
- Беларусь ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды бастады
- Иран байытылған уранын АҚШ-қа емес, Ресейге бермекші
- Алматыда жігіттерді көшеден ұстап әкеткен: Әскери комиссариат түсініктеме берді
- ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады
- Негізгі тестілеуден бір апта өтпей жатып 86 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
- «Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады
- Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
- Стамбұл–Измир тас жолында жолаушылар автобусы аударылды: Көптеген жарақат алғандар бар
- Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні