Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
Видеоның скриншоты
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қоғамдағы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында наурыз айында полицейлер жедел ақпараттарды тексеру барысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады.
Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық топ өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Жедел қызметкерлер күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді.
«20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушылар тобын анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысып, өздерінің заңсыз «қорғауын күштеп таңған» деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған фактілер бойынша бопсалау деректерімен қылмыстық істер тергелуде.
Қосымша түрде заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Келіп түскен сигналдарға жедел әрекет ету нәтижесінде полиция қылмыстық топтардың әрекетін дер кезінде тоқтатып, ауыр зардаптардың алдын алды және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық