200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
Фото: Kapital.kz
Ақтөбе қаласында «Harmony Rider Technology» (HRT) қаржы пирамидасын ұйымдастырып, заңсыз пайда тапқандар сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚМА мәліметінше, 2024 жылы бір топ тұлға шетелден электросамокаттар сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде қаржы пирамидасы жұмысын ұйымдастырған.
Күдіктілер азаматтарды тарту үшін жарнамадан бөлек офлайн кездесулер ұйымдастырған. Олар істерінің «заңды» екенін дәлелдеу үшін Ақтөбе қаласында кеңсені жалға алып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
«Салым сомасы 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған, ал уәде етілген табыс тәулігіне 12-ден 690 АҚШ долларына дейін жеткен», деп хабарлады ҚМА.
Заңсыз әрекет нәтижесінде қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы 197 млн теңгеден астам қаражат түскен.
Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық