Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
Фото: Flot.com
Иран АҚШ пен Израильдің мүдделеріне қатысы бар, шабуыл нысанасына айналуы мүмкін кемелердің тізімін дайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Иранның Мысырдағы дипломатиялық миссиясының басшысы Моджтаба Фердоусипур РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Бізде АҚШ пен Израильге көмектесетін компанияларға тиесілі кемелер туралы мәліметтер бар. Бұл ақпаратты барлау министрлігі ұлттық қауіпсіздік кеңесіне береді. Кеңес оны бекітіп, Иранның қарулы күштеріне жолдайды, ал олар бұл кемелерді нысаналар тізіміне енгізеді», — деді дипломат.
Айта кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, оның ішінде Тегеранға соққы бере бастады. Салдарынан қаншама ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындар қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына соққы жасауда.
АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы операциясы Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасының іс жүзінде толық тоқтауына әкелді. Бұл бұғаз — Парсы шығанағынан мұнай мен сұйытылған газ жеткізудің негізгі бағыты. Осы жағдайға байланысты әлемнің көптеген елдерінде жанармай бағасы өсіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық