«Ақталып шығады деп ойладым»: Қаржаубай Нұрымов сотқа неге сенбегенін ашық айтты
Фото: Orda.kz
Қаржаубай Нұрымов Талғарда қылмыстың күнделікті тіршілікке айналғанын айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары бұл өңірде зорлау, жабылып ұрып кету, ұрлық сияқты қылмыстар көбейіп, кінәлілердің көбі жазадан оңай құтылып кетіп жүр, деп хабарлайды Orda.kz.
Шерзаттың әкесі Талғардағы соңғы 3–4 жылдағы статистика бойынша ауыр қылмыстар мен заңбұзушылықтардың айтарлықтай көбейгенін айтты. Оның пікірінше, кейін өкінішке ұласатын оқиғалардың көпшілігін жеңіл жаза алғандар жасайды. Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайдың YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
«Қазіргі таңда Талғардағы соңғы жылдарды алып қарасақ, зорлау, жабылып ұрып кету, біреудің мүлкін ұрлап кету... бәрі үйреншікті тірлікке айналған. Сотталғандардың көбі осындай қылмыспен айналысып жүріп, жазасын толық алмай, шартты түрде ғана құтылып кеткен. Қазір қылмыс жасайтындардың көбі полициямен байланыста. Бұл сөзім үшін жауап беруге дайынмын. Әйтпесе неге істер бұрмалана береді? Талғарда соңғы 3–4 жылда тірлік тек «қорқаулық» жолмен шешіліп келеді: пышақтап кету, жабылып өлтіру күнделікті өмірге айналды. Ақырында олардың көбі не куәгер болып құтылады, не кешіріммен істі жауып тастайды», – деді Нұрымов.
Сондай-ақ, Нұрымов Айтбек Амангелдінің журналист Назымгүл Күміспаеваға берген сұхбатында айтқан «Қаржаубай, тіпті сотқа да қатысқысы келмеді» деген сөзіне жауап берді. Нұрымов неге сот процесіне қатысқысы келмегенін де ашық түсіндірді.
«Әу баста сотқа қатысқым келмегеніне келсек, шынымды айтсам, олар алған жазаның жартысы да беріледі деп ойламадым. Сондықтан, ақыры ақталып шығады деп сотқа қатысуға ынтам болмады. Себебі мен істі бір жәбірленуші емес, қылмыскер сияқты жүріп өткіздім. Оның үстіне, біздің заң күдіктіге өзін ақтап алу үшін көп мүмкіндік береді екен. Бұрын менің басыма іс түспей тұрғанда, қылмыскер қылмыс жасады ма — қамалады деп ойлайтынмын. Ал олардың да қорғаушысы болатынын, қорғап шығатынын қабылдай алмадым. Ашығын айтқанда, жүйкем шыдамады», – деді Шерзаттың әкесі.
Нұрымов қылмыскерлерден өндірілетін қаражатты өзіне емес, балалар үйіне немесе мұқтаж жандарға аударғысы келетінін мәлімдеді. Ол жазаланған тараптардың ақшасы қажет емес екенін ашық айтты. Сұхбат барысында өртеніп кеткен үйіне қатысты мемлекет пен меценаттар уәде еткен көмектің де орындалмағанын жеткізді. Сол себепті Қаржаубай Нұрымов халықтан үй салуға деп «жылу» жинаудан бас тартатынын қоса айтты. Ал адвокат Мейірман Шекеев бұл ниетке қарамастан: «Қаржаубай сұрамаса да, ол үшін мен сұрайтын шығармын», деген пікір білдірді.
Айта кетейік, Шерзат Полат ісі — еліміздегі ең шулы қылмыстық істердің бірі. Үкімді Талдықорған қаласының судьясы Ержан Жанұзақов шығарған болатын.
- Абзал Шынасыл – 23 жыл
- Равиль Сакиев – 20 жыл
- Дидар Қалиахмет – 7 жыл (293-бап 3-бөлімі)
- Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жыл
- Дархан Әскентай – 7 жыл
- Шыңғыс Белғожаев – 7 жыл
- Нұрқияс Ілиясов – 9 жыл
- Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл (293-бап, 188-бап)
- Думан Ысқақ – 1 жыл 6 ай (434-бап – ауыр қылмыс туралы хабарламау).
Оқиға 2023 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған. Бір топ адам дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және оның ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, соңы жасөспірімнің өліміне ұласты. Ал 12 қазанда олардың үйі өртеніп кетті. 9 желтоқсанда Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Шерзаттың зиратының жанынан табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық