Мәскеу соты Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жариялады
Фото: Orda.kz
Мәскеуде Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласын басқа бір қазақстандық қашқынның арызы бойынша сырттай қамауға алды. Мәскеу соты кәсіпкер Азамат Қапенов пен оның ағасы Медер Қапеновті сырттай қамауға алды. Екеуі де халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, ағайындылар Қазақстандағы «ПТД» ЖШС-нің 25 пайыз үлесін жымқырды деп айыпталған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар кәсіпкерге корпоративтік дауларды реттеп береміз деп уәде берген, дегенмен бастапқыда-ақ міндеттемелерін орындауды көздемеген. Келтірілген шығын 52 млн рубльге (350 млн теңгеден астам) бағаланған. Бұл оқиғадағы «жәбірленушінің» кім екені ерекше назар аудартады. Анатолий Балушкин — «Азия Авто» және «Бипэк Авто» компанияларының негізін қалаушы, 2020 жылғы Forbes бағалауынша, 153 млн доллар дәулеті бар Қазақстандағы ірі кәсіпкерлердің бірі.
Қазақстанда оның өзі 230 млрд теңгеден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша іздеуде жүр. Қаржы мониторингі агенттігінің нұсқасына сәйкес, Балушкин мен «Азия Авто» компаниясының бас директоры Ерік Сағымбаев банктік несиелер мен салықтарды төлеуден жалтару үшін қаражатты сыртқа шығарған. Тергеу мәліметінше, бұл қаражат 50 пайыздық локализациясы бар автокөлік құрастыру зауытын салуға бағытталуы тиіс болған, алайда мұндай зауыт салынбаған.
Қазақстан құқық қорғау органдарының мәліметінше, Балушкин Ресейге қашып кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс 2021 жылдың ақпанында қозғалып, сол жылдың 15 шілдесінде ол Ресей азаматтығын алған. 30 шілдеде халықаралық іздеуге жарияланған. Ресейдің Бас прокуратурасы оны экстрадициялаудан бас тартты, себебі ол енді РФ азаматы. Сонымен бірге, Қапеновтің адвокаты Жанна Александрова бұл азаматтықтың заңдылығына күмән келтіреді. Азаматтық алуға өтініш берген кезде шетелдегі қылмыстық қудалау туралы көрсету қажет, ал Балушкин бұл ақпаратты жасырған болуы мүмкін.
Азамат Қапенов — бұрын сотталған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы. Ол 2015 жылы Мәсімовтің қызы Тамила Кәрімге үйленген, ал 2022 жылдың қаңтарында қайын атасы ұсталғаннан кейін олардың ажырасқаны белгілі болды. Екі жылдан астам уақыт бойы бұрынғы жұбайлар Мәскеуде мүлік пен балаларға қамқорлық мәселесі бойынша соттасқан.
Қазақстанда Қапеновтің өзіне қатысты да заң тұрғысынан мәселелер бар. Қаржы мониторингі агенттігі оның «ҚазТемірТранс» компаниясының вице-президенті болған кезінде аффилирленген компанияларға жүк вагондарымен жұмыс істеуде заңсыз артықшылықтар бергені туралы істі тергеп жатыр. Келтірілген шығын 5,2 млрд теңгеден асады. 2026 жылдың сәуірінде сот Қытаймен шекарадағы «Достық» станциясындағы оның терминалын тәркіледі.
Қапенов 2025 жылдың тамызында БАӘ-де ұсталған, алайда бір айдан кейін босатылған. Әмірліктер оны экстрадициялаудан бас тартты. Адвокатының айтуынша, Қапенов Дубайда тұрып жатыр және жасырынбай, ашық жүріп-тұрады.
Бұл оқиғада сұрақ көп. Қазақстанда іздеуде жүрген Балушкин Ресей сотында жәбірленуші ретінде танылып, Қапеновтерді қамауға алуға қол жеткізген. Бір істе ол іздеуде болса, екіншісінде — жәбірленуші. Дәл оның арызы негізінде Қазақстанда да Қапеновке қарсы іс қозғалған. Неліктен тергеу органдары Балушкиннің Ресей азаматтығын алу заңдылығын дауламай отыр — бұл сұрақ әзірге жауапсыз қалып отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді