Үйіндегі шкафта есірткі өсірген балшы ұсталды
Бейнеден кадр
Астанада таро картасымен бал ашатын әйелдің жатын бөлмесінде жүргізілген тінту қылмыстық іске ұласты. Елордада полиция тағы бір үй жағдайында ұйымдастырылған есірткі плантациясын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Анықталғандай, Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны өзін таролог ретінде таныстырып, пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырған.
Полиция мәліметінше, әйел есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтаған. Ол жерге жасанды жарық шамдарын және басқа да қажетті құрылғылар орнатқан.
«Тінту барысында полицейлер бірнеше марихуана бұтасын, сондай-ақ оларды өсіруге арналған құрал-жабдықтарды анықтап, тәркіледі», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Сонымен қатар медициналық тексеру нәтижесінде әйелдің есірткіге мас болғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен құралдар тәркіленді.
Полиция дерегіне сәйкес, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 70 келіден астам түрлі есірткі заттары алынған. Сондай-ақ бір есірткі зертханасы мен бес фитозертхананың қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары 500-ге жуық есірткі құқықбұзушылығын анықтап, оның ішінде 161 дерек бойынша тыйым салынған заттарды сату фактісін тіркеген.
Жақында Алматыда полиция қызметкерлері тұрғын үйдің жертөлесінен жасырын есірткі плантациясын анықтады. Полицейлер өсімдіктерді өсіру және оларды сатуға дайындау үшін қолданылған жабдықтарды тәркіледі, олардың ішінде жарық беру құрылғылары, электронды таразылар, вакуумды қаптау құрылғысы және температураны бақылау құралдары бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық