АЭС энергетика тапшылығынан салынайын деп жатқан жоқ – эколог
Қазақстанда АЭС салу соңғы жеті-сегіз жылдан бері талқыланып келе жатқан маңызды мәселе. Бірақ жақын күндері бұл тақырыпқа қатысты қызу пікірталас басталды. Бұған себеп – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы-2021 кезінде Қазақстанға АЭС қажет екенін, бірақ сонымен бірге азаматтар мен бизнестің қажеттіліктерін ескеру маңызды екенін айтуы.
– Мен өз хабарламамда Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеу міндетін қойдым. Бұл ретте мемлекеттің, әрине азаматтар мен кәсіпкерлердің шұғыл қажеттіліктерін жеткілікті түрде ескеру маңызды. Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС қажет, – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы болады және әлемдік тәжірибе бейбіт атомнан шығудың оңтайлы жолын іздейді.
Әлеуметтік желіде бұл тақырып қызу талқыға түсті. Көптеген қазақстандық желі қолданушыларының пікірінше, қаупі мол АЭС салу оң шешім емес. Қазнет қолданушылары бір-біріне Маңғыстауға салынатын жаңа атом электро станциясының (АЭС) жоспарлары туралы хабарламаны жіберіп, талқыға салды. Кейін бұл ақпаратты облыстың қоғамдық коммуникация орталығы жоққа шығарды. Олар бұл мәселе қарастырылмағанын айтты.
Эколог Азаматхан Әміртай АЭС-тің қаупі, пайдасы мен зияны, атом саласының мамандары туралы Orda.kz тілшісіне айтып берді.

Фото: newsroom.kz
Біз АЭС салатындай таза энергетикаға шынымен мұқтажбыз ба?
– Біз Атом электр станциясын салатындай, энергетикаға тапшы емеспіз. Қазақстанда көмір көлемі, жер асты байлығымыз 500 жылға жетеді. Біздің елде әлемді асырай алатын көмір бар. Көмірді экологиялық зиян емес технологиялардың түрі арқылы энергетика көзіне айналдыру ең басты мәселенің бірі. Сонымен қатар, 21 ғасырда жасыл энергетика дамып келеді: жел, су, күн көзі. Қоқысты қайта өңдеу арқылы да энергия алуға болады. Сондықтан АЭС энергетиканың қажеттілігінен салынайын деп жатқан жоқ.
Қарапайым ғана әскери қоймаларды бақылай алмай отырған кезде, АЭС салу қаншалықты қауіпті?
Иә, қарапайым ғана әскери қоймалардағы әскери қару-жарақтарды қорғай алмай отырмыз. 2 жылда екеуі жарылды. АЭС салдырып, ол жарылатын болса, халқымыз үлкен зардап шегеді. АЭС-тің салынуына қарсы болуымыз керек. Бұл өте қауіпті.
АЭС салынғаннан кейін ядролық қалдықтар қалады. Оны қайда жібереміз?
– Иә, АЭС салынғаннан кейін қалдық қалады. Қалдықты қалай өңдейді, қандай арнайы қоймалар ашылады? Бұл өте үлкен мәселе. Егер АЭС-ті Ресей салатын болса, олар экологиялық стандарттарды дұрыс бақылай алмайды. АЭС салатын қаражатқа жасыл энергетиканы дамытқан дұрыс. Көмірдің өзін пайдаланғанда, экологияға зиян емес технологияларды пайдалануға болады. Мысалы, Америка Құрама Штатында Алматыдағы ЖЭО-2-ден 50 есе үлкен жылу электр орталығы бар. Бәрі көмір тұтынады, бірақ барлық экологиялық мәселелерін шешіп қойған. Олардың барлығы қаланың ортасында тұр. Ауаға, атмосфераға ешқандай зияны жоқ. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін, жасыл энергетиканы дамытуымыз керек. АЭС – бұл жасыл энергетика емес.
Қазақстанда атом саласының мамандары аз. Бұл мәселе қалай шешіледі деп ойлайсыз? Әлде Ресейден кадрлар тартамыз ба?
– АЭС салдыру үшін жоғары дәрежелі мамандар керек. Қазақстанда ядрлық физика егемендік алғаннан кейін мүлдем дамымай қалды. Кезінде ядролық физикамен айналысқан ғалымдардың көбі қайтыс болды. Қазір физикамен айналысатын мықты жастар саусақпен санарлық. Мықты мамандарда командалық жұмыс жоқ. Бұл жағдайда біз Ресейге бағынышты боламыз, өйткені Ресейдің мамандары жұмыс істейді. Бұл тағы да біздің қауіпсіздігімізге өте зиян. АЭС-тің салынуына қарсы болуымыз керек. Жемқорлық жайлаған елде мүлдем мұндай үлкен жобаларды жасауға болмайды. Ресейден мамандар алдыратын болсақ, тағы да қақпанына түсіп қаламыз.
Айта кетейік, әлемдегі жалпы саны 35 мемлекетте 191 атом станциясы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық