Әкем «Отаныма ораламын» деп айтты – Серік Күдебаевтың ұлы

cover

Түркияда ұсталған Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен оралғанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен генерал-майор Серік Күдебаевтың ісіне байланысты сөз қозғағым келеді. Мен оның ұлымын. Кейбір БАҚ өкілдері «оны ұстады» деп фейк ақпарат таратып отыр. Әкем кенже ұлына хабарласып, «барлығыңды жақсы көремін және Отаныма ораламын» деген болатын», – деді ұлы.

Сонымен қатар, ол отбасына қауіп-қатер болу мүмкіндігін де айтты.

«Отбасы осы жерде қалды. Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Бізді үнемі аңдып, тексеріп жүреді. Тергеуден де өттік», – деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар