50 жылдық зерттеу жалғасуда: қазақ сөзінің мағынасы қандай ?

cover

Осы жылы желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, картада территориясын бекіткеніне 30 жыл толады. Алайда әлі күнге дейін «қазақ» сөзінің мағынасын аша алмай, бір ауыздан оған анықтама бере алмай келеміз.

Бірі ол «ақ қаз» десе, бірі «қазу» етістігінен шыққан дейді, ал енді бірі оны «сақтармен» байланыстырады. Orda.kz редакциясы «қазақ» сөзінің шығу тарихы мен мағынасын жан-жақты зерттеп көрді.

Әу баста «қазақ» сөзі «ақ қаз», яғни, «аққу» дегеннен шықты. Оған арғы атамыздан келген аңыз дәлел. Аңыз бойынша:

«Ерте заманда Қадір деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай-талай жорықтар мен соғыс шайқастарға қатысады. Жорықтарының бірінде ауыр жарақат алады. Осылайша, Қадір елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып, шөлден булығып, әбден қиналған қолбасшы қанша тырысса да жүруге шамасы келмей жығылады. Өлім аузында жанталасып жатқан кезде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып, Қадірдің жарасын емдеп жазады. Қадір осы ақ қызға үйленіп, одан туған ұл «қазақ» атанады. Ал кейіннен Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан Ұлы жүз; Бекарыстан Орта жүз; Жанарыстан Кіші жүз тайпалары тарайды», - делінген.

Ғалымдардың айтуынша, XV ғасырда Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлініп, құрған тайпасының жалпы атауы «қазақ» болған. Оған «ҚазССР тарихының» бес томдығы дәлел, онда «қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты» деп жазылған.

Алайда кейіннен ғалымдар ойлана келе, ұлттың атауы қалыптасқанға дейін оның өзі оған дейін өмір сүруі керек. Осылайша, қазақ ұлты VIII-IX ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасады.

Ал «қазақ» сөзінің мағынасы жоғарыда айтып кеткеніміздей әлі күнге дейін шашыраңқы келеді. Оның 9-дан астам нұсқасы бар. Ең кең тараған нұсқалар:

Түркі нұсқасы

TWESCO

Бұл сөздің түркі нұсқасы бойынша «қазақ» «еркін адам, батыл» деген мағынаны білдіреді. Мұсылман жазба дереккөздерінде «қазақ» сөзі түрік-араб сөздігінде кездеседі. Болжам бойынша, сөздік Мысырда жазылған. Ол туралы алғаш 1245 жылдары айтылған. Бірақ М. Хоутсм тек 1894 жылы Лейденде сөздікті басып шығарған. Онда «қазақ» сөзі «үйсіз», «баспанасыз», «қаңғыбас» мағынансында басылып шыққан. Яғни, қазақтар деп өз халқы мен тайпасынан бөлініп, шытырман оқиғаларды іздеуші өмірін жүргізуге мәжбүр болған адамдарды атады.

Айта кетсек, «казак» сөзі кейін Ресей аумағында тамыр жайды. Солтүстікте тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мен жұмысшылардың атауы ретінде қолданылды.

Ескерту: «қазақтар» мен «казактар» екі түрлі ұлт.

Қыпшақ нұсқасы

Ана тілі газеті

Қыпшақ тілінің ежелгі Ватикан сөздігі «Кодекс Куманикус» барлық зерттеулерге нүкте қойған. Ежелгі қолжазбадағы жазбалар бойынша «қазақ» сөзі «бойдақ» (болжамды түрде «тәуелсіз») дегенді білдіреді.

Айта кетсек, ерте орта ғасырда қыпшақ тілі жазба тілінде ғана емес, сонымен қатар лингва-франка тілі ретінде қолданылған. Ол қазіргі ағылшын тілімен бірдей қызмет атқарған.

Орыс нұсқасы

Фома

«Қазақ» сөзі түпнұсқа тілінде, яғни, еврей тілінде ескі өсиеттерде (Інжілде) жиі кездеседі. Түпнұсқа тілінде חָזָק түрінде жазылады және күшті, мықты, тұрақты, шулы деген мағынаны білдіреді.

Парсы нұсқасы

twirpx.com

982-жылы парсы тілінде жазылған «Хұдұд әл-ғалам» атты кітапта: «Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар» деп көрсетілген. Аландардың қосарлы аты болған «аса», «қазақ» атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы. Демек, «қазақ» атауы жазу тіліндегі деректерде, «аса», «каса», «хаса», «хасақ» түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы «хан патшалығы тарихы» қатарлы деректерде «алан» мен «аса» деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежірелері мен тарихи аңыздарында «қазақ» пен «алаш» атауының қосарлана қолданылуын еске түсіреді.

«Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар»

«Хұдұд әл-ғалам» кітабы

Ескерту: Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен.

Скиф (сақтар) нұсқасы

maple4.ru

Қазақстандық археологтар Виктор Зайберт, Александр Кисленко, Владимир Заитов және Олег Мартынюк 50 жылдан астам уақытын Қазақстан тарихын және осы атаудың пайда болуын зерттеуге арнады.

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары негізінде алынған мәліметтерге сәйкес, олар бұл атау скиф тілінен шыққан деген тұжырым жасады. Олардың мәліметтері бойынша скифтер өздерін сақ деп атаған.

Барлық түркі тілдерінде бұл «қырағы», «сақ», «күзет» деген мағынаны білдіреді.

Ғалымдардың айтуынша, көне түркі тілдерінде «қа» сөзі «ұлы» деген мағынаға ие болған. Мысалы, «қа-хан» тек қана «хан» емес, «ұлы хан». Яғни, «қа-сақты» «ұлы сақ» деп аударудың мағынасы бар. Бұл сөз ежелден бес ғасырдан астам уақыт бұрын этнонимге айналған.

Абай Құнанбаевтың келтірген болжамы

Айтылған нұсқалардан бөлек «қазақ» сөзінің түп-төркіні жайлы басқа да ғалымдар зерттеу жүргізген. Оның бірі – Абай Құнанбайұлы. Абай өз дәуірінде тарихты терең меңгерген. Ол XIX ғасырда «Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» қара сөзінде былай деген:

«Арабтар Орта Азияға жорық жасап (VIIIғ.) келгенде көшпелі халықтарды «хибани», «хұзағы» деп атапты. Хибани-киіз шатырда жүруші дегені екен. Хузағи дегені өз жұртында «хузағи» деген көшпелі халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен».

Абайдың айтуынша, қазақ деген шығыстан шыққан. Арабтан емес. Түркі қағанатынан басталып, қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықты қамтиды. Түркі әлемінің 2-3 мыңжылдық тарихы «Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» қара сөзінде айтылған. Қазақ хандығы құрылған XV ғасырмен аяқтайды.

Шоқан Уәлихановтың келтірген болжамы

Ал Шоқан Уәлиханов өз кезегінде «қазақ» сөзін әскери термин ретінде қолданған деседі. Қазақ «ержүрек, батыл» деген мағынаны білдірген.

Әзірге «ұлы сақ» нұсқасы соңғы болжам ретінде ұсынылды. Тарихшы, лингвистерге әлі де «қазақ» сөзінің мағынасын зерттеуге тура келеді. Себебі жоғарыда айтылған нұсқаларды растайтын деректер бар. Олардың барлығын бір тарихи тізбекке тізу қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар