19-23 сәуірге кино шолу: пандемия кезіндегі киноның жағдайы

cover

Бәріміз білетіндей пандемия салдарынан көптеген салалар шығынға батты, оның бірі – отандық киноиндустрия. 2020 жылдың наурызынан бастап көрермендер назарына ұсынылған фильмдердің саны едәуір азайды.

Orda.kz редакциясы жағдайдың қиындығына қарамастан өз оқырманына апталық кино шолуды ұсынады.

Кино шолу отандық 3 үздік туындыны қамтиды:

Serzhan Bratan

liveam.tv

Serzhan Bratan (Сержан Братан) – осыдан бір ай бұрын ғана YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан. Хикая бүгінде 1 млн-ға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері әр бейсенбі сайын көрермен назарына ұсынылады. Әр бөлімнің хронометражы жарты сағат. Жанры – криминал, комедия.

Сипаттамасы: 90-шы жылдар. Басты кейіпкер – Сержан, жергілікті рэкет, сүйікті жар және қамқор әке. Ол барлық рэкеттер сияқты, көп нәрсеге қол жеткізіп, қиын кезде барынша тірі қалуға тырысады. Бірде жергілікті авторитет Сержанға жекешелендіруді қолға алуға ұсыныс тастайды. Ол өз достарымен жақсы жаңалықты жумақшы болады.

Кенеттен 23 жыл жансақтау бөлімінде жатқан атақты алматылық рэкет ұзақ ұйқысынан оянады. Далада 2021 жыл, балалары есейген, өзі біршама қартайған, ал әлем адам танымастай өзгерген.

Сержанға заманға икемделіп, отбасымен қарым-қатынас орнату керек!

Аға

Brod.kz

Аға – кино 2019 жылы маусым айында түсірілген. 2020 жылдың 19 наурызында ресми трейлері шықты. Кино үлкен экранда 2021 жылдың 22 сәуірінде көрермен назарына ұсынылу керек еді. Оның экрандалуы бір айға шегеріліп, кинотуындының афишасы 2021 жылдың 13 мамырына ауысты. Жанры – боевик.

Сипаттамасы: Фильм мықты, әрі дана адам Баха туралы баяндайды. «Жабайы» Баха бұрын елде «Үш жүз» деп аталатын ірі қылмыстық топты басқарған беделді тұлғалардың бірі. Ол бұл кәсіптен бас тартуды шешкенде, оның немере інісі жан түршігерлік қылмыстың құрбаны болады. Бұл оқиға ер адамның өмірін астан-кестен етіп, төңкеріп тастайды. Ол жақын адамынан кек алмақшы. Егер басты кейіпкер шарасыз қадамға баруды шешсе, онда қуатты кландар, яғни «Үш жүз» қауымдастығы барлық ашуын содан алады. Ол көп адамның болашағына әсер ететін дұрыс таңдау жасауы керек...

Три

Бродвей

Три («Үш») – 2020 жылы түсірілген туынды. Фильм 1979-1980 жылдар аралығында жеті адамды өлтіргені үшін сотталған «Темір азу» (Металический клык) деген лақап атымен танымал адам жегіш Николай Есполұлы Жұмағалиевтің нақты ісіне негізделген. Оның хронометражы – 1 сағат 52 минут. Жанры – детектив, триллер, криминал. Фильм 2020 жылы 25 қазанда әлем елдерінде көрсетілген.

Сондай-ақ, «Три» («Үш») фильмі 22-29 сәуір аралығында өтетін 43-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енгізілді. Ол Қазақстан, Оңтүстік Корея мен Өзбекстанның бірлесіп түсірген туындысы.

Сипаттамасы: Сюжет бойынша полицияның арнайы бөлімшесінің стажеры Садықов үлкен әпкесімен бірге тұрады. Оның жұмысы әйелдерді өлтіретін маньякты іздеуден басталады. Жаңа құрбандар күн сайын көбейіп, тергеу уақыты белгіленіп жатыр. Кенет Садықов маньяктің келесі құрбаны өз әпкесі болатынын біледі...

Еске салсақ, фильм 2020 жылы 25-ші Халықаралық Пусан кинофестивалінің New Currents (Жаңа ағымдар) байқауының жеңімпазы атанды.

Orda.kz редакциясы оқырмандарына көптеген фильмдердің қашан жарыққа шығатыны әлі де белгісіз болып тұрғанын еске салғымыз келеді. Алайда редакция сүйікті оқырмандарына апта сайын кино шолу жасап, фильм мен көрермен арасында байланыс орнатуға барынша ат салысады.

Көрілім көңіліңізден шықсын!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар