1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстан ондаған жылдар бойы түрлі ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйіне айналды. Бүгінде елде тұратын этностар Қазақстанды өз Отаны санап, қазақ халқымен тағдырын байланыстырады. Осындай ортақ құндылықтарды біріктіретін негізгі мерекелердің бірі — 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күні. Orda.kz редакциясы назарларыңызға Қазақстан халқының бірлігі күні туралы тың деректерді назарларыңызға ұсынады.
Бұл мереке елімізде 1996 жылдан бері атап өтіледі. Оның негізі 1995 жылғы 18 қазанда қаланды — сол кезде Қазақстан президентінің жарлығымен 1 мамыр ресми түрде Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланған.
Бүгінде еліміздің кең байтақ жерінде 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдері мекен етеді. Сондықтан да 1 мамырдың халқымыздың бірлігі күні болып есептелуі бекер емес.
Еліміздің халқы үшін бұл күн маңызды мерекелердің бірі. 1 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі, бұл дегеніміз – олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқандағының анық айғағы. Сонымен қатар, аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген сыйластығын арттырып қана қоймай, бірлік пен татулықты насихаттау.
Қазақстан Республикасы президентiнiң жарлығымен 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Бұл әлемде болмаған ерекше, саяси маңызды құрылым. Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда барлық ұлттардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде қалыптасты.
Кеңес дәуірінде 1 мамыр еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде тойланса, тәуелсіз Қазақстанда бұл күн жаңа мазмұнға ие болды. Енді ол — елдегі этностардың татулығы мен бірлігін білдіретін мереке. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері өз мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтауға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметтің негізін қалыптастырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
1995 жылы елде бірегей институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл құрылым этносаралық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ассамблея елдегі этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіріп, түрлі мәдени орталықтардың дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік саясат пен қоғам арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет етеді.
Қазақстандықтар жыл сайын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1995 жылдың 18 қазанында белгіленіп, мейрам 1996 жылдан бастап кеңінен тойланып келеді. «Мерекелер туралы» ҚР Заңында ол мемлекеттік мәртебеге ие, сол себепті бұл күн елде ресми түрде демалыс күні деп бекітілген.
Жалпы елімізде бұл мерекенің пайда болуына ел халқының ұлттық құрамының ерекшеліктері мен өзгерістері бірден-бір себеп болды. ХХ ғасырға дейін республика көлемінде негізгі ұлт – қазақтар басым болса, соңғы он жылдықта ел аумағына түрлі себептермен өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанып, тұрақтап қалды. Төменде басқа ұлттардың Қазақстанға көшуінің басты себептерін ұсынбақпыз:
- ХХ ғасырдың басында қазақтың бос жатқан жерлеріне Орталық Ресей губерниялары шаруаларының қоныс аударуы.
- КСРО-дағы ұжымдастыру саясаты және 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ халықтың санын едәуір азайтты.
- Содан бастап жылдар бойы Қазақстан аумағына өзге мемлекеттерден миллиондаған азаматтар қоныс аударды: поляктар, украиндықтар, литвалықтар, Поволжье немістері, Кавказ халықтары және т.б. ұлт өкілдері.
- 1950 жылдары бүкіл КСРО-дан қоныс аударушылардың тағы бір толқыны тың игеру үшін қазақ еліне табан тіреді.
- Нәтижесінде Қазақстандағы қазақтардың саны біршама азайды (кей жылдары олардың пайыздық үлесі тіпті 30%-дан аспады). Жағдай тек КСРО ыдырағаннан кейін ғана өзгерді. Одақтас республикалардың бөлінуі және өздерін егемен ел деп жариялауы нәтижесінде, елден көптеген еуропа ұлттары үдере көше бастады. Десе де жылдар өте келе елде бала туу көрсеткіші артып, жергілікті тұрғындар саны өсті. Бүгінгі таңда қазақ халқы ҚР-дағы негізгі этникалық топты құрап отыр.
Неге бұл күн маңызды
Қазақстан халқының бірлігі күні — жай ғана мереке емес. Ол елдегі тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің және өзара сыйластықтың символы.
Сарапшылардың пікірінше, этносаралық татулықты сақтау — елдің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі. Қазақстанның осы бағыттағы тәжірибесі халықаралық деңгейде де жиі мысал ретінде айтылады.
1 мамыр — әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлер бір шаңырақ астында үйлесім тапқан қоғамның нақты көрінісі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Қайрат» «Ордабасыны» жеңді: Ойын соңы жанжалға ұласты
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады