«Бұл – отбасылық мәселе»: Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
Фото: TH/ @papawayupa
«Бұл – отбасылық бюджет мәселесі» деп кесіп айтқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қоғамда қызу талқыланған фотоға қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Виктория Шегайдан журналист декреттік демалыстағы әйелдердің кішкентай сәбиін қолына көтеріп курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуы қаншалықты қалыпты жағдай екені, сондай-ақ осындай жағдайда заңсыз алынған декреттік төлемдерді қайтаруды талап ету әділетті ме деген сұрақ қойды.
Вице-министр ол суретті көрмедім деген соң халық арасында резонанс тудырған оқиғаны журналист тәптіштеп түсіндіріп берді. Сонымен қатар журналист жас аналардың мұндай табыс табу жолына бармауы үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.
Өз кезегінде Шегай нақты жағдайды бағалай алмайтынын айтты, себебі оған барлық мән-жайлар белгісіз. Оның айтуынша, декреттегі әйелдің жұмыс істеуі керек пе деген мәселе ең алдымен отбасылық бюджет пен отбасы ішіндегі жағдаға қатысты екен.
Сондай-ақ вице-министр декреттік төлемдерді қайтару мәселесіне қайта тоқталып, бұл жерде жас аналарды жазалау туралы сөз болып отырмағанын атап өтті. Ол заңсыз әлеуметтік төлемдер алу схемаларын ұйымдастырушыларға қатысты 38 қылмыстық іс тергеліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар бұл схемаларға мыңнан астам әйелдің тартылғанын мойындады.
Журналистің әйел-курьердің өз жағдайын декреттік демалыс кезіндегі қаражаттың жетіспеушілігімен түсіндіргеніне вице-министр өз құзыреті аясында жауап бергенін айтып, бұл мәселе бойынша қосымша түсініктеме беруден бас тартты.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде кішкентай сәбиін құшақтап, арқасына үлкен сөмке асып алып тапсырыс тасып жүрген курьер келіншектің фотосы тарап, жұрттың назарын аударған еді. Үш күн бойы Қазнет қолданушылары жаппай іздеу салған жас ана ақыры Алматы қаласынан табылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық