ҚазТАГ агенттігі басшыларына қатысты сот процесі неге кейінге шегерілді?
Алматыда ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасенов пен құрылтайшысы Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталмай жатып кейінге қалдырылды. Бұған іс қатысушыларының сотқа келмеуі себеп болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алмалы аудандық сотында қаралуы тиіс іс күтпеген жерден 15 маусымға ауыстырылды. Соттың кейінге қалуына ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов пен іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған Жанна Қапарованың процеске келмеуі себеп болды.
«Бастапқыда 15 мауысым өтетін сот еді, алайда, аяқ астынан осы күнгі ауыстырды ал Астанадан келетін Әмір Қасенов билетті 15 - маусым алып қойған. Сондықтан судьяның тыңдалымды кейінге шегергені дұрыс болды. Бұл сот процесінде бірнеше іс біріктіріліп кеткен, оны өзіміз де түсінбейміз. Сонымен қатар, менімен болған төбелес жай төбелес емес, нақты шабуыл деп білемін. Ал қазір полиция бұл жағдайды қарапайым жанжал ретінде көрсетуге тырысып отыр. Біз жарты кварталдай жерге ұзап кеткен едік, олар соңымыздан қуып жетті. Бұл бұзақылық емес. Бір адам доңғалақ шешетін кілтпен маған бірнеше рет соққы жасады. Алайда әлі күнге дейін мені жәбірленуші ретінде таныған жоқ. Сол соққының салдарынан көзім не дұрыс ашылмайды, не дұрыс жабылмайды», — деді Матаев.
Еске салайық, Әмір Қасенов пен Әсет Матаевқа қатысты қозғалған негізгі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша тіркелген. Оларға «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша күдік келтірілген. Іс Freedom Finance компаниясының арызынан кейін қозғалды. Тағы да бұл істе Әсет Матаевтың айтуынша, «жалған ақпарат тарату» ісіне «бұзақылық» ісі қосылып, бірге қаралмақ. Ол оның себебін өзі де білмейді.
Енді іс бойынша сот тыңдауы 15 маусым күні таңғы сағат 09:30-да Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтеді.
Оқи отырыңыз:
ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық