Қылмыстық амнистия: 16,5 мың адамның төрт мыңнан астамы қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады
Фото: Айқын
Сенат амнистия туралы заңды мақұлдады. Алдын ала бағалау бойынша, қылмыстық амнистия 16,5 мыңнан астам адамды қамтиды. Төрт мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық жауапкершіліктен немесе негізгі жазадан қылмыстық теріс қылық жасаған, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыс жасаған, зиян келтірмеген не келтірілген зиянды толық өтеген немесе азаматтық талап-арыз қойылмаған Қазақстан азаматтары босатылады.
Құжатта сондай-ақ мінез-құлқы теріс деп танылмаған, орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған және жазасының өтелмеген мерзімі бір жылдан аспайтын адамдарды негізгі жазадан босату көзделген.
Орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған басқа сотталғандар үшін негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігі екі есе қысқартылады. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігі мынадай тәртіппен қысқартылады:
- ауыр қылмыс жасағандар зиянды толық өтеген жағдайда – үштен біріне, аса ауыр қылмыс үшін – төрттен біріне;
- басқа ауыр қылмыс жасаған сотталғандар үшін – төрттен біріне, аса ауыр қылмыс үшін – бестен біріне;
- мінез-құлқы теріс емес және амнистия қолдану кезеңінде жазасының өтелмеген мерзімі бір жылдан аспайтындар үшін – негізгі жазаның қалған толық мерзіміне тең көлемде қысқартылады.
Амнистия мынадай қылмыс жасағандарға қолданылмайды:
- террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар;
- ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
азаптау; - қылмыстың қайталануы (рецидив);
- өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар;
сот үкімімен сырттай сотталғандар.
Сонымен қатар, Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия жүргізіледі. Заңға сәйкес, заң күшіне енген күнге дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдар бойынша азаматтар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар айыппұл төлеуден босатылады.
Алдын ала бағалау бойынша, қылмыстық амнистия 16,5 мыңнан астам адамды қамтиды: 15 мың сотталған және 1,5 мың тергеудегі адам. Оның ішінде 4 мыңнан астам қазақстандық толықтай қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады, ал 10 мыңнан астам адамның жаза мерзімі қысқартылады.
Ішкі істер министрлігі желісі бойынша әкімшілік амнистия шамамен 17 млрд теңгеден асатын 1 миллионға жуық айыппұлды қамтиды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 15 мемлекеттік органның құзыретіне жататын 280 бабы бойынша жасалған құқықбұзушылықтарға қатысты болады.
Сондай-ақ заң үкімет пен әкімдіктерге амнистияға іліккен азаматтарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесуді міндеттейді:
- жалғызбасты мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды арнайы орталықтарға орналастыру;
- еңбекке қабілетті адамдарды жұмыспен қамту;
- сот тағайындаған емдеуді жалғастыру;
- кәмелетке толмағандарды отбасыларға немесе интернатқа орналастырып, білім алуына кепілдік беру.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық