Италияда қазақстандық студенттің мәйіті табылды
Фото: ilvibonese.it
Италияның оңтүстігіндегі Бриатико қаласында қазақстандық Нұрдәулет Машариповтің мәйіті жағалаудағы жартастардың арасынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Италиядағы жоғары оқу орнында білім алып жүрген.
Марқұмның досы Дінмұхамед Мұхтаров Threads-тегі парақшасында жас жігіттің жазатайым оқиға салдарынан теңізге батып кеткенін мәлімдеді. Қазіргі кезде оның отбасы денені Қазақстанға әкелу үшін қаражат жинап жатыр. Тасымалдау шығыны 8 мың еуроны құрайды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Алайда оның денесінде жартасқа соғылудан қалған жарақаттар бар. Алдын ала болжам бойынша, студент суға кеткен.
Сарапшылар оның мәйіт табылғанға дейін шамамен 15 сағат бұрын көз жұмғанын айтады. Жігіттің қалтасынан ұялы телефоны, ал жағалаудағы тастардың үстінен сөмкесі мен киімдері табылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық