«ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
Коллаж: ЖИ көмегімен жасалды
21 шілдеде Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі басшыларына қатысты іс бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күннің бірінші жартысында қорғау тарабы жаңа сараптамалар тағайындауды және қосымша куәларды шақыруды сұраған. Алайда сот бұл өтініштерді қанағаттандырмай, сот тергеуін аяқталған деп жариялады.
Одан кейін процесс қатысушылары күн соңына дейін іс материалдарының томдарын оқып, оларға түсініктеме берді. Әңгіме «ҚазТАГ» жарияланымдары, мамандар қорытындылары, хат алмасулар, аудиохабарламалар және тараптар өз нұсқаларын дәлелдеу үшін пайдаланған өзге де материалдар туралы болды.
Даудың басым бөлігі адвокат Светлана Оралбаеваның көрсетулеріне қатысты өрбіді. Еске салайық, бір күн бұрын сот оны күні бойы жауапқа тартқан болатын. Ол Жанна Қапарованың кеңестері, жәбірленушілердің редакциямен кездесуі туралы айтып, жарияланымдар өзімен келісілмегенін және Қапарованың өзін жаңылыстырғанын мәлімдеген.
Ал Қапарова, керісінше, Оралбаева оған хабарламалар мәтінін өзі айтқызғанын, басқа жәбірленушілерге жолданатын өтініштердің үлгілерін жібергенін және әрі қарайғы әрекет стратегиясын құруға көмектескенін айтты. Қорғау тарабының пікірінше, бұл Оралбаеваның «мені жаңылыстырды» деген сөздерімен үйлеспейді.
«Светлана өзін қорғауға тырысып, Қапарованы қаралап отыр», – деді айыпталушының адвокаты.
Күннің екінші жартысында тараптар іс томдарын қарауды жалғастырды. «ҚазТАГ» жарияланымдарына қатысты материалдардан бөлек, олар Dostyk Plaza маңында Әсет Матаев пен Уәлихан Рамазанов арасында болған жанжал эпизодына және куәгер Диана Мақашеваның көрсетулеріне қайта оралды.
Адвокат жасыл күртеше киген ер адамның әрекетіне ерекше назар аударып, оның қатысушыларды жанжалға арандатуы мүмкін бе деген мәселені көтерді. Қорғау тарабының пікірінше, бұл жайт төбелестің қалай басталғанын және кім арандатқанын анықтау үшін маңызды.
Құжаттарды зерттеу барысында да пікірталастар туындады. Тараптар қандай материалдарды іске тіркеу қажет екенін және оларды сотта қаншалықты егжей-тегжейлі жариялау керектігін талқылады.
«Әрбір бетті сіздің қатысуыңызбен оқып шығуды сұраймын», – деді қорғау тарабы.
Еске салсақ, «ҚазТАГ» басшыларына қарсы іс 2025 жылдың желтоқсанында Freedom Holding Corp. компаниясы арызынан кейін қозғалды. Компания агенттік өзіне қарсы ақпараттық шабуыл жүргізіп, алаяқтық, қаржылық пирамида құру және клиент қаражатын шығару туралы айыптаулармен шамамен 250 материал жариялады деп мәлімдеген. Сол материалдардың 12-сі сараптамадан өтіп, өткен ақпанда азаматтық сот шындыққа сәйкес келмейді деп таныған.
Freedom Finance-тің арызы негізінде Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы – көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компания келтірілген шығынды 613 миллион доллар немесе шамамен 320 миллиард теңге деп бағалаған.
Істе Астана тұрғыны Жанна Қапарова да бар. Тергеу нұсқасы бойынша, дәл осы ол «ҚазТАГ»-қа жүгінудің бастамашысы болған және басқа фигуранттармен бірге Freedom Finance туралы, айыптаушы тараптың пікірінше, көрінеу жалған ақпарат таратқан. Қапарова өз кінәсін мойындамайды және тек анасы компания арқылы инвестиция жасап, қаражатынан айырылғаннан кейін істің тергелуін талап еткенін айтады.
Әмір Қасенов 2025 жылдың соңында ұсталды. Ол өзіне психологиялық қысым көрсетілгенін және азапталғанын мәлімдеген, алайда полиция бұл айыптауларды жоққа шығарды. Әсет Матаев 2026 жылдың наурыз айында Алматыда жанжалдан кейін ұсталды. Кейін ол үйқамаққа ауыстырылды.
Тақырып бойынша барлық материалдармен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды