Жұмбақ өлім: «Баламды қасақана өлтірді» — Ерзаттың анасы
Коллаж: Orda.kz
Алматыда 19 мамырда ұшты-күйлі жоғалып кеткен 26 жастағы жігіттің ақырында араға бес күн салып көлшіктен өлі денесі табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін 2000 жылы туған Ерзат Егінбайдың 19 мамырда тапа-талтүсте ұшты-күйлі жоғалып кеткенін жазған едік. Сол кезде-ақ Жетісу аудандық полиция басқармасына адам жоғалуына қатысты арыз жазылып, іздеу жұмыстары басталған. Алайда, Егінбайдың денесі 23 мамыр күні Алматыдағы Космос ауылындағы балық аулауға арналған арнайы көлден табылды. Оның денесін сол арадағы балықшылар тауып алған екен. Бастапқыда көл бетінде қалқып бара жатқан қапшық деп ойлап қалған. Оқиға орнына бірінші болып марқұмның туыстары келіп, мәйіттің Ерзат екенін растаған, артынша полиция да келіпті.
Қайғыдан қан жұтып отырған марқұмның анасы Талша Құсайынова баласының қаскөйлердің қолынан қаза тапқанын айтады. Оның айтуынша, қарапайым ғана жұмыскер болып істейтін баласы ешкімге зиян жасамаған, жақындарына қайда баратынын айтып, араласатын ортасынан да хабардар қылып отырған екен.
«Айдың-күннің аманында баламнан қапыда айырылып қаламын деп ойламадым. Біз іздеу салып, жан-жақтан іздеп жатқанда Космос ауылындағы балық аулайтын бір көлден мәйіт табылды деген ақпарат келді. Туыстарымыз барып қараса, Ерзат екен. Денесінде аса бір көгерген жері жоқ. Алайда денесі ұзақ уақыт суда жатқаннан әбден ісініп кеткен. Ауызына көп су кірген, соған қарағанда оны әлдебіреу тұншықтырған деген ой келеді. Ерзатты судан алып шыққанда сыртынан киген шолақ жейдесі мойнына дейін ілініп, қалтасындағы телефоны суға ағып кетпеуі үшін замогы жабылған екен. Біреу әдейі өлтірген соң осылай жасаған», — дейді анасы Құсайынова.
Сонымен қатар, анасының айтуынша, марқұмды іздестіру кезінде-ақ телефонына детализация жасалғанда 18 мамырға дейінгі байланыс нөмірлері бар да, 19 мамырдағы сөйлескен нөмірлерді жасырын кодпен біреу жауып тастаған.
«Балам тіпті өз-өзіне қол жұмсар болса, оған телефонда сол күні байланыста болған нөмірлерді түбегейлі жоюдың не қажеті бар? Оның үстіне, оны іздеген кезде геолокациясы әр жерді көрсетіп тұрды. Соған қарағанда оны қинап бір күн бойы ары-бері тасып жүрді ма деген де ой келеді», — дейді анасы.
Марқұмның шаңырақ көтергеніне небары алты ай ғана болыпты. Қалада жарымен пәтер жалдап, жұмыс істеп жүрген екен.
«Баламның артында 20 жаста жесір атанып жары қалды. Оның да аяғы ауыр. Балам әке болатынын естігенде қатты қуанып, қуаныштан алып-ұшып жүр еді. Менің баламның еш зиянды әдеті жоқ, лудоман емес, ешкімге қарыз емес. Өз күнін өзі көріп жүрген жан болған. Неге баламның ақыры мұндай азаппен кеткенін түсіне алмаймын. Бұл қылмысты кім, не үшін, не мақсатта жасады? Одан ақша талап ететіндей не қалтасында ақшасы да болмаған. Ешкімге зияны жоқ, ешкімнің ала жібін аттамады», — деді анасы.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Ерзат Егінбай 2026 жылғы 19 мамыр күні Райымбек көшесі, 147Б/1 мекенжайындағы жұмыс орнынан шамамен сағат 14:00-де «дүкенге барып келемін» деп шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Алайда жақындарының айтуынша, ол дүкенге бармай, Райымбек метро станциясы маңынан автобусқа отырған. Сол кеткеннен еш байланысқа шықпаған.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 26 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті
Бес адам сотталған өлім ісі: Туыстары полиция әрекетіне күмән келтірді
«5 минутта қарсылық жаз»: Заңгер Шекеев пен судья сотта дауласты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық