Алматыда 26 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті
Фото: Ерзат Егізбай отбасылық мұрағатынан
Алматыда 26 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетіп, туыстары төрт күн бойы байланысқа шыға алмай отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
2000 жылы 18 желтоқсанда туылған Ерзат Егізбай 19 мамырда тапа-талтүсте ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Туыстары дабыл қағып іздеп жүргендеріне төртінші күн. Қазіргі уақытта. Жетісу аудандық полиция басқармасыда адам жоғалуға қатысты арыз жазылып іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Ерзат Егінбай 2026 жылғы 19 мамыр күні Райымбек көшесі, 147Б/1 мекенжайындағы жұмыс орнынан шамамен сағат 14:00-де «дүкенге барып келемін», деп шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Алайда жақындарының айтуынша, ол дүкенге бармай, Райымбек метро станциясы маңынан автобусқа отырған. Сол кеткеннен еш байланысқа шықпаған.
Анасы Талша Құсайынованың айтуынша, Ерзат бұған дейін үйден кетіп көрмеген, бұрын сотталмаған. Бойы шамамен 165–170 см, орта денелі. Үстінде қара шалбар, қара кроссовка, қара кепка, қоңыр кофта мен қоңыр жеңсіз күрте болған. Тексеру барысында оның мемлекеттік шекарадан өтпегені анықталды, медициналық мекемелер мен мәйітханалардан да нәтиже шықпаған. Қазір оны табу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Баламның ешқандай оғаш қылықтары жоқ , арақ ішпейді, темекі шекпейді, бес уақыт намазын оқып, дұрыс жолда жүрген жан. Ерзат өткен жылы шаңырақ көтерді. Жұмыстан 13:30 әйелімен соңғы рет сөйлескен, көңіл күйі де жақсы болған екен»,— дейді анасы Құсайынова.
Туған ағасы Азамат Шалқарұлы 19 мамыр күні түнгі сағат 22:00–23:00 шамасында Жетісу аудандық полиция басқармасы-на арыз жазған. Оның айтуынша, арыз түнгі 00:00 болмай тіркелген.
Арызға сәйкес, оның жанында 8-747-180-17-42 нөміріне тіркелген ұялы телефоны болған. Телефон соңғы рет Көксай саяжайы мекенжайында, яғни Есік саяжайлары аумағында белсенді болған екен.
Егер Ерзат Егізбайды көрген не қазір қайда екнін білетін жандар болса 8 778 124 6726 байланыс нөміріне хабарласыңыз.
Оқи отырыңыз:
«5 минутта қарсылық жаз»: Заңгер Шекеев пен судья сотта дауласты
Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
«Қыз Жібек» Меруерт Өтекешева: Жыр болған қамзол, отбасылық қайғы мен 1 миллион зейнетақы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық