«5 минутта қарсылық жаз»: Заңгер Шекеев пен судья сотта дауласты
Коллаж: Orda.kz
Заңгер Мейірман Шекеев сот процесінде өзінің қатысуынсыз үкім шығарылғанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде заңгер Қарасай аудандық сотының судьясы Азамат Шалтабаев әрекетін сынға алып, өзінің кәсіби құқығы бұзылғанын мәлімдеді. Редакция заңгермен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтады.
Шекеевтің айтуынша, оқиға өзі қорғап жүрген азаматшаның ісін қарау кезінде болған. Сол күні заңгер бірнеше көшпелі сот процесіне қатар қатысып жүргендіктен, дәл осы сот отырысына үлгермейтінін алдын ала ескертіп, сотты кейінге қалдыру туралы өтініш жіберген. Оның сөзінше, бұл сот отырысы таңертең ғана белгілі болған.
Заңгердің айтуынша, ол сот кабинеті арқылы судьяға жағдайды түсіндіріп, бір мезетте үш түрлі сот процесіне қатысып отырғандықтан істі сапалы жүргізу мүмкін емес екенін айтқан. Сондай-ақ, ең болмағанда басқа процестер аяқталғанша сотты кешке қарай ауыстыруды сұраған. Алайда судья оның өтінішін қанағаттандырмаған.
«Кешегі сотта болған жағдайды мен сұмдық деймін. Себебі сот — ең жоғарғы орган, ол жерде ұсақ-түйек болмайды. Сот тараптарға құрметпен қарауы керек. Бірақ бұл жерде керісінше, «не істей аласың» дегендей әрекет болды. Мен алдын ала бірнеше сот процесіне қатысып жатқанымды айтып, уақыт сұрадым. Себебі бір мезетте бірнеше процеске қатысқан адам істі сапалы қарай алмайды. Бірақ судья бірден сот отырысын жалғастырды. Мен сотты кейінге қалдыру туралы өтініш жасадым, алайда оған уақыт жоқ екенін айтты. Тіпті ең болмағанда қалған соттарым біткенше күтейік деген ұсынысым да қабылданбады», — дейді заңгер.
Шекеев бұдан кейін судьяға қарсылық білдіргенін айтады. Оның сөзінше, мұндай жағдайда судья істі қарауды тоқтатып, қарсылық мәселесін басқа судья қарауы тиіс болған. Алайда судья оған қарсылық хатын небәрі бес минут ішінде жазып үлгеруді талап еткен.
«Мен судьяға қарсылық білдірген соң, негізі ол ары қарай істі қарауға құқылы емес. Орнынан тұрып шығып кетуі керек. Бірақ ол маған «5 минуттың ішінде қарсылық жазып үлгерсеңіз — үлгердіңіз, үлгермесеңіз сот жалғасады» деді. Электронды жүйе арқылы қарсылық жазып жіберу бес минутта бітетін нәрсе емес. Бір өтініш хатты жолдаудың өзіне кемі 20 минут кетеді. Соған қарамастан, кейін қорғауымдағы азаматша хабарласып, менің қатысуымсыз үкім шығарылғанын айтты. Бұл жерде заңгер ретінде менің құқығым бұзылып тұр», — дейді ол.
Заңгер қорғап жүрген іс енесі мен келіні арасындағы мүліктік дауға қатысты. Шекеевтің сөзінше, егде жастағы әйел кезінде жер сатып алып, сол аумаққа үй салған. Кейін келіні нотариусқа ертіп барып, үй құрылысына құжат рәсімдеу үшін сенімхат қажет екенін айтқан.
Алайда заңгердің мәліметінше, әйел шын мәнінде сенімхат емес, өзіне тиесілі мүлікті сыйға тарту құжатына қол қойғанын білмей қалған. Шекеевтің айтуынша, келіні мен ұлы кейін ажырасып кеткен. Ал әйелдің ұлының денсаулығында кінәрат бар, көзі көрмейді. Уақыт өте келе жер мен үй келінінің атына өтіп, енесі тұрғын үйден шығарылған. Іс бірнеше сот инстанциясында қаралып, ақыры сот шешімімен әйелді үйден мәжбүрлі түрде шығару процесі басталған.
Заңгердің сөзінше, тұрғын үйден айырылған әйел кейін құқықтық көмек сұрап өзіне жүгінген. Шекеев іс материалдарын зерделеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар мен процестік қателіктер болғанын байқағанын айтады. Оның пікірінше, дәл осы сот отырысында өз уәждерін толық айтуға мүмкіндік берілмеген.
«Мен бұл мәселені көпшілік назарына бекер шығарып отырған жоқпын. Мұнда ең сорақысы — менің уәждерімді тыңдауға мүмкіндік берілмеді. Талап-арызды қараусыз қалдыру туралы мәселе көтерілуі керек еді. Бірақ маған мүмкіндік берместен, менсіз үкім шығарып жіберді. Қазір мұндай жағдайлар жиі қайталанып жатыр. Бір-біріне сөз бергісі келмейді. Судья тараптардың өтінішін, уақытын бірдей сыйлауы керек. Ал «5 минутта жазып үлгермесең, біз істі қарай береміз» деу — таза бассыздық. Осындай жағдайда қаралған іс сапалы болады деу қиын», — дейді заңгер.
Біз осы іске қатысты Алматы облысының сотына сауал жолдадық.
«Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Оған шағым түсуі мүмкін болғандықтан, шешім ресми түрде заңды күшіне енбесе судьяның әрекетіне қандай да бір құқықтық баға беру мүмкін емес», — деді Алматы облысының соты.
Оқи отырыңыз:
Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
«Әке, байқашы…»: Алматы-Жаркент тас жолында 13 жастағы баланы мерт қылған жүргізуші бостандықта жүр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық