Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
Коллаж: Orda.kz
Жетісу облысы аумағында бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат Үшарал — Достық автожолы бойында, ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс уақытша шектелген учаскеде болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, бұл жол бөлігінде қозғалыс 2026 жылғы 13 ақпан сағат 12:00-ден 17 ақпан сағат 09:00-ге дейін жабылған.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олар қолайсыз ауа райына байланысты бұл учаскеде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілгенін тағы да еске салды.
Соған қарамастан, бес жүргізуші қауіпсіздік талаптарын елемей, жабық жолға сапарға шыққан. Нәтижесінде көліктер бір-бірімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан алты адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің алған жарақаттарының ауырлық деңгейі нақтылануда.
Полиция ресми түрде жабылған автожолға шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес, жабық жолға шығу заңмен жазаланады.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпеуге шақырды.
Осыдан 5 күн бұрын Ақтөбе – Орск тасжолында қайғылы жағдай болды. Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды