Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
Фото: Pexels
Қарағанды облысы, Теміртау қаласында 68 жастағы зейнеткердің үйіне кіріп, оны соққыға жығып ұялы телефонға түсірген жасөспірімдерге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған іс бойынша 9 адам кінәлі. Олар топ болып бірнеше рет тұрғын үйлерге баса-көктеп кіріп, тонағандары үшін айыпталып отыр. Олардың бұл ісінен кейін тоналған зейнеткер орташа көлемде жарақат алып, барлық мүлкінен айырылып қалған. Олар 95 мың теңге тұратын мүлікті алып кеткен. Сот кезінде айыпталушылардың біріне былтыр наурыз айында тағы да басқа азаматты тонады деп айып тағылған.
Сотталушылар өз айыптарын мойындады және олардың қылмысы жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама нәтижелерімен расталды.
Сот нәтижесі бойынша, сотталушылардың бірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмағандардың біріне 6 жыл 6 ай колония, тағы екеуіне 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қалған фигуранттар 5 жылдан бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, былтыр Теміртау қаласында белгісіз жасөспірімдер 67 жастағы қарияның үйіне топ болып, баса-көктеп кіріп, қарияны соққыға жығып, оның үстіне түкіргендерін ұялы телефонға түсіріп отырған.
Оқи отырыңыздар:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық