Желіде балаларға жасырын екпе салынатыны туралы ақпарат тарауда
Қазақстандықтар мектеп оқушылары ата-аналардың келісімінсіз Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілетіні туралы көп сөз қозғалуда. Бала үйде вакциналанғаны туралы айтпауы үшін препарат мұрынға арналған спрей түрінде болады, деген қауесет тарап жатыр. Бұл өтірік деп хабарлайды stopfake.kz.
Жаңа оқу жылы басталар алдында әлеуметтік желіде, әсіресе ата-аналар чатында осындай үрейлі әңгімелер көп тарап, жұрттың зәресін ұшыруда.
Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
— Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланған. Екіншіден, ол тек иненің көмегімен бұлшықетке егіледі. Бұл препарат 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің (қамқоршылардың) ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі , – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл екпені алғаннан кейін балалар жаппай өледі деген де қауесет. Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19 алдын алуға арналған препарат барлық қажетті клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтардан өтті, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген.
Аталған екпе АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасымен мақұлданған және АҚШ, Канада, Австралия, Бельгия, Франция, Исландия және т.б. 98 елде қолданылуда. Оны қолдану нәтижесінде жаппай өлім анықталған да, тіркелген де жоқ.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр