Жаркенттегі сәби өлімі туралы тың дерек шықты
Жетісу облысындағы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.
Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. «Неге бұлай істедің?» деген сұраққа 6 жастағы бала «ол жылап мазамды алды» деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.
«Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді» деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?