Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
Фото: Бас прокуратура
Қазақстанның Бас прокуратурасы блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлады, деп жазады Orda.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ол 2025 жылдың қаңтарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі миллиондаған аудиториясын пайдаланып, сыйақы үшін заңсыз онлайн-казиноны жарнамалап, Қазақстан азаматтарын құмар ойындарға тартқан.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, осы жарнамалық қызметі үшін блогердің криптовалюталық әмиянына шамамен 200 мың АҚШ доллары түскен.
Құқық қорғау органдары бұл істің бірнеше жыл бойы жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты екенін айтады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2021–2025 жылдары топ Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқан.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша 9 күдікті қамауда, ал қалғандары халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Қайсар Қамза биыл маусым айында Интерпол арналарымен жүргізілген бірлескен операция кезінде Вьетнамның Камрань қаласында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Егер кінәсі сотта дәлелденсе, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, Қайсар Қамза – Instagram желісінде 2,4 миллионға жуық оқырманы бар қазақстандық блогер. Бұған дейін де ол заңсыз онлайн-казиноны жарнамалағаны және заңсыз ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген болатын. Ал халықаралық іздеуге жарияланғаннан кейін блогер әлеуметтік желіде өзіне тағылған айыптарды түсінбейтінін айтып, бұл жағдайға таңданысын білдірген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық